Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Олий Мажлиске жолдауы

 

Құрметті депутаттар мен сенаторлар!

Ғазиз отандастар!

Құрметті қонақтар!

Бүгін біз баршамыз сүйікті Отанымыздың саяси өміріндегі маңызды оқиғаға қатысудамыз.

Өзбекстан Республикасы Президенті тарапынан алғаш рет еліміз парламенті — Олий Мажлиске Жолдау ұсынылуда.

Сіздерге әлемдегі көпшілік дамыған елдерде мемлекет басшысының ұлттық парламент мүшелері құзырында ең негізгі де көкейтесті, саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер және қоғамды демократиялық дамыту бойынша Жолдаумен шығу тәжірибесі бар екені жақсы мәлім.

Мемлекеттік басқарудың мұндай демократиялық тәсілі бүгінде Өзбекстанда жүргізіліп жатқан кең көлемді реформаларға, алдымен халықпен байланыс қағидатына өте үйлес те үндес болып, біздің жұмысымыздың нәтижелілігін одан әрі арттыруға қызмет етеді, деп ойлаймын.

Бүгінгі беделді конференцияға Олий Мажлис Сенатының және Заң шығару палатасының мүшелерімен бірге, бейнебайланыс жүйесі арқылы аудандардағы, қалалар мен облыстардағы жергілікті Кеңестерге сайланған халық қалаулылары, сондай-ақ барша буындағы атқару билігі мен шаруашылық басқару органдарының басшылары, беймемлекеттік ұйымдар мен жұртшылық өкілдері қатысуда.

Өркениетіміздің жаңа басқышы болған 2017 жылы жүзеге асырылған негізгі істердің қорытындысына және Өзбекстан Республикасын 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамытудың ең үстем бағыттарына арналған Жолдауды назарларыңызға ұсынуға рұқсат бергейсіздер.

Алдымен, жыл барысында елімізді одан әрі өркендету бойынша Әрекеттер стратегиясында көзделген мақсат-міндеттерді орындау үшін мемлекетіміз бен қоғамымыздың бар күші мен мүмкіндіктері жұмылдырылғанын атап өткен жөн.

Бұл орында “Халықпен байланыс және адам мүддесі жылы” Мемлекеттік бағдарламасында белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру маңызды қадам болды, десек, шындықтың өзі болады.

Елімізде жүргізіліп жатқан кең көлемді реформалар халқымыз тарапынан қолдап-қуатталуда, бұл өзгерістердің алғашқы нәтижелері тұрғындарымыздың өмірі мен күнделікті тұрмысында өзінің жарқын көрінісін табуда, ел-жұртымыздың әлеуметтік белсенділігі, ертеңгі күнге деген сенімі өсуде.

Біз ел өміріне қатысты әрбір қаулыны халқымызбен мәслихаттасып, тікелей байланыс негізінде қабылдаудамыз. “Халық мемлекеттік кеңселерге емес, мемлекеттік кеңселер халқымызға қызмет етуі керек” деген идея бұл орында ісіміздің өлшеміне айналуда.

Мемлекеттік қызметкерлер, алдымен, бірінші басшылар тек кабинетте отырмастан, жер-жерлерге барып, тұрғындарды қинап жатқан ең көкейтесті проблемалардың іс жүзіндік шешімімен шұғылдануда.

Шын мағынада 2017 жылы халықпен жақыннан байланыс жасау, оның дерті мен мұңын, өмірлік проблемаларын нәтижелі шешу бойынша жаңа жүйе жаратылған жыл болды, деп айтуға толық құқылымыз.

Бұл жүйенің негізі болған Өзбекстан Республикасы Президентінің Халықты қабылдау бөлмелері және Виртуалды қабылдау бөлмесі азаматтардың өтініштерімен істеудің өзіндік демократиялық институты ретінде іс жүзінде өзін ақтауда.

Қысқа мерзімде осы қабылдау бөлмелеріне 1,5 миллионнан астам азаматтың өтініш жасағаны, қанша-қанша адамның жылдар барысында шешілмеген проблемаларының оңды шешілгені Өзбекстанда халық билігінің атына ғана емес, іс жүзінде енгізілгенін көрсетуде. Жер-жерлерде басшылардың жол берілген қате-кемшіліктерді жедел жою бойынша жеке жауапкершілігінің күшейгені аталмыш жүйенің маңызды нәтижесі болды.

Халқымыздың мүддесін ескеріп, әлеуметтік әділетті қамтамасыз ету бойынша ең маңызды институт болған сот-құқық саласында, прокуратура және ішкі істер органдары жүйесінде де үлкен өзгерістер жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде Өзбекстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған салтанатты рәсімде жан-жақты сөз болғандықтан, бүгін бұл тақырыпқа артықша тоқталып отырудың қажеті жоқ, деп ойлаймын.

Үстіміздегі жылы Өзбекстан жастар одағын құру, Әйелдер комитеті, “Махалла” және “Нуроний” қорларының ісін одан әрі жандандыру бойынша нақты іс-шаралар жүзеге асырылды.

Елімізде жасайтын, бірақ азаматтығы болмаған 1100-ден астам тұлғаға Өзбекстан азаматтығы берілді. Бұл адам құқы мен еркіндігін іс жүзінде қамтамасыз етуге қаратылған істеріміздің тағы бір дәлелі, деп ойлаймын.

2017 жылы экономика саласында заман талаптарына жауап беретін, жаңаша мән-мазмұндағы және нәтижелі реформаларды жүзеге асыру жолында алғашқы қадамдар қойдық.

Экономикамызды түбегейлі жаңа негізде құру және одан әрі ырықтандыру, оның құқықтық негіздерін жетілдіру, өндірісті жаңғырту және әртараптандыру бойынша бірқатар заңдар, жарлықтар мен қаулылар, терең ойланған бағдарламалар қабылданды және олар дәйекті жүзеге асырылуда.

Елімізде қысқа мерзімде 161 ірі өнеркәсіп нысаны іске түсірілді. Бұл біз үшін келесі жылы қосымша 1,5 триллион сумдық өнім өндіру мүмкіндігін береді. Мәселен, Ташкент жылу электр станциясында бу-газ құрылғысы құрылды. Ал бұл қосымша түрде 2,5 миллиард киловатт электр энергиясын өндіру мүмкіндігін береді. Сонымен қатар Науаи жылу электр станциясында екінші бу-газ құрылғысы, Қызылқұм баурайындағы Авминзо-Амантай алтын кендері негізінде гидрометаллургия зауытын құру бойынша істер жалғасуда.

Қазіргі уақытта Алмалық кен-металлургия комбинаты тарапынан “Ешлик-1”, “Ешлик-2” кендерін игеруге кірісілді. Сардоба, Орталық Фер¬ғана және Топалаң су қоймаларының құрылуы бойынша істер жедел жүргізілуде. Бұл ірі құрылыстар да, еш шүбәсіз, еліміздің экономикалық өмірінде маңызды оқиға болады.

Ферғана — Марғылан бағытындағы теміржол тармағы қазіргі уақытта электрлендірілуде.

Тағы бір ірі нысан — Қандым газды қайта өңдеу кешенінің іске түсірілуі есебінен 2018 жылы қосымша 4 миллиард 100 миллион текше метр табиғи газды қайта өңдеу, 67 мың тоннадан астам конденцат, 106 мың тоннадан астам алтынкүкірт өндіру мүмкіндігі жаратылады.

Өзбекстан экономикасы локомотивтерінің бірі болған Мүбәрәк газды қайта өңдеу зауытында келесі жылы қосымша 6 миллиард текше метр газды алтынкүкірттен тазартатын блоктар толық іс бастайды. Сонымен қатар “Узагротех-саноатхолдинг” акционерлік қоғамында жаңа жылда 5 мыңнан көбірек заманалық трактор, мыңнан астам мақта теру машинасы және 2 мыңнан астам тіркеме шығару жолға қойылады.

Мұндай мысалдарды тағы ұзақ жалғастыруға болады.

Ең маңыздысы, еліміздің экономикалық саясатында нақты болмаған цифлардың артынан қуу, жүзеге аспайтын қамқиялдарды ақиқат ретінде ұсынудай қолайсыз жұмыс тәсілі сыни қайта қаралды. Іс жүзіндік нәтижелілік, адам мүддесі және тағы бір рет адам мүддесі реформалардың басты мақсаты етіп белгіленді.

Дәл осылар негізінде жүзеге асырылған іс-шаралардың нәтижесінде 2017 жылы тұрақты экономикалық өсу қарқыны 5,5 пайызды құрады, экспорт көлемі дерлік 15 пайызға көбейді. Сыртқы сауда айналымының оңды сальдосы 854 миллион долларға жетті.

Ұлттық валютамызды еркін конвертация жасауға кірістік. Заңды және жеке тұлғалар шетел валютасын коммерциялық банктерден шектеусіз сатып алу және еркін сату мүмкіндігіне ие болды. Шетел валютасының алды-сатты операцияларының көлемі ырықтандыру кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артып, орташа 1,3 миллиард долларды құрады. Сонымен қатар мемлекетіміздің алтын валюта резервтері жыл барысында 1,1 миллиард долларға көбейді.

Үстіміздегі жылы елімізде 12 еркін экономикалық және 45 өнеркәсіп аймағының ісі жолға қойылды және бұл ұйымдастырылған шаралар аумақтарды жедел дамыту мүмкіндігін беруде. Жақын уақыт ішінде тағы да 50 жаңа өнеркәсіп аймағын құру бойынша іс жүзіндік жұмыстар жүргізілуде.

Жыл барысында біз үшін өте маңызды болған жаңа жұмыс орындарын құру мәселесі тұрақты назарымызда болды. 2017 жылы жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын құру, қызмет көрсету нысандарын іске түсіру, шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті дамыту есебінен 336 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Біз тұрғындар жұмысбастылығын қамтамасыз етуді өз алдымызға үстем міндет етіп қойған екенбіз, бұл мәселеге тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да ерекше мән беруіміз қажеттігі өз-өзінен белгілі.

Өзбекстанда жүргізіліп жатқан мемлекет саясатының өте маңызды бағыты болған әлеуметтік саланы реформалау бойынша қабылданған бағдарламалардың орындалуы да басқышпа-басқыш қамтамасыз етілуде.

Тұрғындарды, әсіресе бюджет саласы қызметкерлерін, табысы аз жанұяларды тұрғын үй проблемасы көптен бері қинап келетіні белгілі. Бұл ауыр әлеуметтік проблемаға біз дерлік назар аудармай келгеніміз де бар әңгіме.

Халқымыздың талап-тілектерін ескеріп, біз үстіміздегі жылы жеңілдікті ипотека несиелері негізінде арзан тұрғын үйлер құру жобасын жүзеге асыруға кірістік. Қалаларымыз бен ауылдарымызда жалпы 3,5 миллион шаршы мертден астам үлгі-жобадағы үйлер, көпқабатты тұрғын үйлер құрылды. Бұл цифрды алдыңғы жылдармен салыстыратын болсақ, 2007 жылға қарағанда 20 есеге, үлгілі тұрғын үйлерді құру бағдарламасы басталған 2010 жылға қарағанда 3,5 есе, ал 2014 жылға қарағанда 2 есеге көп тұрғын үйдің құрылғанын көреміз.

Біз соңғы 25 жыл барысында бірінші рет тұрғындар үшін арзан, барша қолайлылыққа ие көпқабатты тұрғын үйлер құруды бастағанымызды ерекше айтып өткен орынды. 2017 жылдың өзінде 800 мың шаршы метрден астам осындай тұрғын үйлер құрылып пайдалануға тапсырылды. Бір ғана Ташкент қаласының өзінде үстіміздегі жылы 420 мың шаршы метр көпқабатты тұрғын үй қоры пайдалануға тапсырылды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда дерлік 3 есеге көп.

Адамдардың өмірлік қажеттілігі мен мүддесін қамтамасыз етуде бұл маңызды мәселенің қаншалықты көкейтесті әрі өзекті проблема болып тұрғанын ескеріп, бұл істердің көлемін арттыра отырып, біз жаңа жылда да әлбетте жалғастырамыз. Өйткені, халқымыз ертең емес, ұзақ болашақта емес, осы бүгін өз өмірінде оңды өзгерістерді көруді қалайды. Біздің еңбекқор, ақкөңіл, бауырмал халқымыз оған толық құқылы.

Арал бойында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты шаралар қаралды. Қаржы министрлігі құзырында Арал бойы аймағын дамыту қоры құрылды, оған 200 миллиард сумнан астам қаржы бағытталды. Осы қаржылар есебінен Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысы тұрғындарының сумен қамтамасыз етілуі, тұрмыс жағдайы жақсаруда. Сонымен қатар аталмыш аумақтарда 3 мың километрден астам ішкі жолдар күрделі жөнделді, қалпына келтірілді.

Үстіміздегі жылы жаңа білім беру мекемелерін құруға, барларын жөндеуге ерекше назар аударылды. 12 жалпы білім беретін мектеп жаңадан құрылды, 320-сы қайта қалпына келтіріліп, 152 мектеп күрделі жөнделді. Сондай-ақ 107 мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесі қайта жөнделді және құрылды, 195 балабақша күрделі жөнделді.

Перзенттеріміздің тәрбиесінде ең негізгі буын саналған мектепке дейінгі тәлім-тәрбие жүйесімен қоғамымыз өміріндегі үлкен орны мен маңызын ескеріп, Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие министрлігін құрдық. Біз осы саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуымыз, атап айтқанда, жуық 3-4 жылда барша аумақтарда мыңдаған жаңа балабақшалар құруымыз, тәлім-тәрбиенің сапасы мен дәрежесін жаңа басқышқа көтеруіміз керек.

Көптеген ата-аналар, оқытушылар мен оқушылар, сондай-ақ кең жұртшылық тарапынан білдірілген ұсыныстар негізінде елімізде 11 жылдық білім беру жүйесі қайта тіктелді.

Жер-жерлердегі оқытушыларға болған қажеттілікті қаптау үшін Ташкент қаласында Шыршық мемлекеттік педагогикалық институты құрылды. Бұдан тыс, 15 жоғары білім беру мекемесінде құрылған арнаулы сыртқы бөлімдерде орта арнаулы білімге ие болған 5 мыңнан астам педагогқа жоғары білім алу мүмкіндігі жаратылды.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық және креативті жанасулар негізінде Мухаммад Хорезмидің және Мырза Ұлықбектің есімімен аталатын, нақты пәндер терең оқытылатын арнаулы мектептер ашылды.

Жоғары білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру барысында да көптеген істер жүзеге асырылуда. Солардың қатарында 2017-2021 жылдарда жоғары білім беру жүйесін кешенді дамыту бағдарламасы қабылданды.

Жаңа құрылған институттар және филиалдар есебінен еліміздегі жоғары білім беру мекемелерінің саны 81-ге, аумақтардағы филиалдар 15-ке, шетелдік университеттердің филиалдары 7-ге жетті. Солардың қатарында Алмалық қаласында Мәскеу болат және қоспалар институтының, ал Ташкент қаласында АҚШ-тың Вебстер университетінің филиалдарын құру бойынша келісімдерге қол жеткізілгенін атап өту керек. Жоғары білім беру мекемелерінде экономиканың нақты секторындағы талаптар мен сұраныстарға сүйеніп, сыртқы және кешкі бөлімдер ашылды.

Өзбекстан Ғылым академиясы жүйесі жетілдірілді, материалдық-техникалық базасы нығайтылды, оның құрамында бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының және орталықтардың ісі тіктелді. Көп жылдық үзілістен соң Ғылым академиясына сайлау өткізіліп, өзінің ғылыми істерімен елімізде және халықаралық деңгейде даңқы шыққан дарынды ғалымдар академик деген жоғары атқа лайықты болды. Енді баршамыз Ғылым академиясынан жаңа ғылыми қолданбаларды, болашақты зерттеулер жарату бойынша іс жүзіндік нәтижелерді күтеміз.

Бұлардың баршасынан біз бірыңғай бір мақсатты көздеудеміз. Яғни Өзбекстан ғылым-білім, интеллектуалдық әлеует саласында заманалық кадрлар, жоғары технологиялар барысында әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті болуы шарт.

Ғазиз достар!

Үстіміздегі жылы мәдени-гуманитарлық салаларды дамыту бойынша жасалған істер туралы айтқанда, алдымен, мәдениет, әдебиет және өнер, бұқаралық ақпарат құралдары саласына тиісті 12 маңызды құжат қабылданғанын атап өту керек.

Еліміздегі шығармашылық ұйымдардың әлеуметтік өміріміздегі орны мен беделін арттыру, материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Өзбекстан шығармагерлерін қолдап-қуаттау “Илхом” қоғамдық қоры, сондай-ай мәдениет және өнер мекемелері, ірі компаниялар мен банктер ынтымақтастығында “Достық клубтары” құрылды.

Тағы бір маңызды жаңалық — Ташкент қаласындағы Ұлттық бақ аумағында көркем Жазушылар саябағы, Жазушылар одағының жаңа ғимараты, Қарақалпақстанда және бірқатар облыстарда ұлы жазушыларымыздың есімдерімен аталған шығармашылық мектептері құрылды. Қоқан қаласы, Хорезм және Жызақ облысы драма театрлары қайта жөнделді, Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының Ферғана аймақтық филиалы құрылды.

Рухани өмірімізде маңызды оқиға болған осындай жобалар жөнінде айтқанда, Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығы, Имам Бұхари және Имам Термизи атындағы халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары, Ислам академиясы сынды ғылыми-ағарту мекемелерінің қызметін жолға қою істері басталғанын ерекше атап өту қажет. Солардың қатарында ұлы ғұламаларымыздың жәдігерлік кешендері жанынан хадистану, ислам құқықтанушылығы, калом және тылсым дүние, қасаң сынды діни-ағартушылық бағыттарды үйрену бойынша арнаулы мектептер құрылды. Әрине, біздің бұл істеріміз терең ғылыми және іс жүзіндік негіздерге ие.

Ежелгі мәдениет және өркениеттер қиылысы болған еліміз өлкесінен орта ғасырларда мыңдаған ғалым-ғұламалардың, ұлы ойшылдар мен ақындардың, әулие-әмбиелердің жетіліп шыққаны белгілі. Олардың нақты пәндер және діни білімдер саласында қалдырған баға жетпес мұрасы, бүгінде адамзаттың рухани мүлкі саналады.

Қазіргі күнде Өзбекстанның кітап қорларында 100 мыңнан астам шығарма сақталуда. Өкінішке орай, бұл құнды кітаптар әлі толық үйренілмеген, олар ғалымдарды және өз оқырмандарын күтіп тұр. Осы сирек кездесетін шығармаларда бүгінгі кезең ортаға тастап жатқан өте көптеген көкейтесті проблемаларға жауап табуға болады. Атап айтқанда, ислам дінінің түпкі адамгершілік маңызын терең ашып беретін, барлық адамдарды ізгілік, мейір-шапағат және ауызбіршілік жолында бірігуге үндейтін терең мағыналы пікірлер, идеялар қазір де өз құны мен маңызын жоғалтқан емес. Бірақ біз осындай сирек кездесетін мұра мұрагерлері, сондай байлық иелері бола тұрып, оларды жан-жақты үйрену, халқымызға, алдымен, өсіп-өніп келе жатқан жастарымызға, әлем қауымдастығына жеткізу бойынша, жеткілікті жұмыс істемегенімізді де ашық мойындау керек.

Біз діни зұлымдыққа, зиянды ағымдарға қарсы ағартумен күресу керектігі туралы көп айтамыз. Бұл дұрыс, әрине. Бірақ ағарту, ағартушылық білімдер қай жерде — алдымен ата-бабаларымыз бізге қалдырып кеткен қасиетті кітаптарда емес пе?

Біздің осы бағыттағы барша іс жүзіндік әрекеттеріміз дәл осындай ізгі мақсаттарға қаратылып тек еліміз және мұсылман әлемінде ғана емес, әлем деңгейінде де үлкен қызығушылық, назар оятуда. Осындай баға жетпес байлыққа, мыңдаған білімдар ұламаларға, белсенді зиялыларға ие болған, бұл салада үлкен бастамалар мен шығып жатқан халық және мемлекет ретінде елімізден қандайда бір қасаң қағидаттарға, діни ағымдарға берілген кейбіреулердің шығуы әлбетте бізге жараспайды.

Құрметті мәжіліс қатысушылары!

2017 жылы дене тәрбиесі және спорт саласы бойынша да үлкен істер атқарылды. Еліміз жастарының спорт саласындағы жетістіктері барлығымызды қуантуда. Әлем және құрлық деңгейінде жаңа-жаңа чемпиондар, шахмат бойынша халықаралық гроссмейстерлер жетіліп шығуда.

Соңына жетіп бара жатқан жылда өзбекстандық спортшылар бокс, дзюдо, таэквандо, ауыр атлетика, еркін күрес, самбо бойынша өткізілген түрлі халықаралық жарыстарда едәуір жетістіктерге қол жеткізді. 2017 жыл әсіресе өзбек ұлттық күресі тарихында жарқын бет болды. Сентябрь айында Түрікменстанда өткен Азия олимпиада кеңесі Бас ассамблеясының жиналысында осы ұлттық спорт түрін Азия ойындары бағдарламасына енгізу туралы қаулы қабылданды. Жаңа 2018 жылы Индонезияда өтетін 18-Азия ойындарында құрлығымыз спортшылары өзбек ұлттық күресі бойынша да өзара белдеседі. Енді әлемдік спорт алаңдарында “халол”, “ғирром”, “чала”, “енбош” деген сөздер жаңғырып, өзбектің атын, Өзбекстан атын әлемге паш етеді.

Қазіргі уақытта біз Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ісін жетілдіру үстінде жұмыс жүргізудеміз. Келесі халықаралық олимпиада ойындарына, тағы басқа да беделді жарыстарға дайындық жасау істері енді түбегейлі жаңаша негізде жолға қойылады.

Бүгін, осы жоғары мінберден тұрып, барша спортшы жастарымызға, олардың ұстаздары мен тәлімгерлеріне ұлттық спортымызды дамыту жолындағы қызметтері үшін үлкен ризалығымды білдіріп, жаңа табыстар тілеуге рұқсат бергейсіздер.

Құрметті жерлестер!

Өткен кезең барысында сыртқы саясат саласында шет мемлекеттермен, бірінші кезекте, көрші елдермен достық және өзара мүдделі қарым-қатынастарды дамыту барысында едәуір нәтижелерге қол жеткіздік.

2017 жылы 21 жоғары дәрежедегі сапарлар жүзеге асырылды, 60-тан астам мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың басшыларымен, өкілдерімен кездесулер өткізілді. Нәтижеде 400-ден астам бітім мен келісімге қол жеткізілді, дерлік 60 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі сауда және инвестициялық келісімшарттарға қол қойылды. Қабылданған құжаттар мен келісімдерді өз уақытында толық орындау мақсатында 40 “жол картасы” жасалып, шетелдік ынтымақтастарымызбен біргелікте жүзеге асырылуда.

“Өзбекстанның сыртқы саясатында Орталық Азия — бас үстем бағыт” қағидатын іс жүзіне енгізуге кірістік. Нәтижеде аймағымызда түбегейлі жаңа саяси орта жаратылды, өзара сенім және жақсы көршілік негізіндегі байланыстар нығаюда.

Түрікменстанмен, Қырғызстанмен стратегиялық ынтымақтастық орнатылды. Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдету барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, 2 миллиард доллар мөлшеріндегі экономикалық бітімдер түзілді. Тәжікстанмен ынтымақтастығымыз жан-жақты нығаюда. Ташкент және Душанбе қалалары арасында авиақатынау жолға қойылды.

Қырғызстанмен мемлекет шекаралары туралы бітімге қол қойылуы Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қаратылған үлкен қадам болды. Көрші Ауғанстан Ислам Республикасымен өзара мүдделі ынтымақтастық жолында маңызды келісімдерге қол жеткізілді, жаңа экономикалық жобалар бойынша іс жүзіндік істер басталды. Сондай-ақ Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ және Еуропа Одағы мемлекеттерімен, мұсылман елдерімен де нәтижелі бітімдер мен келісімдерге қол жеткізілді.

Өзбекстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сынды халықаралық құрылымдармен байланыстарды жаңа басқышта жалғастыруда. Еуропа тіктелу және даму банкімен ынтымақтастығымыз тіктелді, Еуропа инвестиция банкімен серіктестік байланыстары орнатылды. Дүниежүзілік банк, халықаралық валюта қоры, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ Азия инфрақұрылым инвестициялар банкімен өзара ынтымақтастық нәтижелі түс алуда.

Еліміздегі оңды өзгерістер әлем қауымдастығында Өзбекстанға деген қызығушылығы артып, оның халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайтуға қызмет етуде.

Әрине, жыл барысында жүзеге асырылған істеріміз жөнінде тағы да көп айтуға болады. Бірақ бұлардың барлығы біз таңдаған ұзақ та машақатты, қазіргі уақытта бірегей дұрыс жолдағы алғашқы қадамдар, десем, дәл шындықты айтқан боламын.

Сәтті пайдаланып, “Халықпен байланыс және адам мүддесі жылы” Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға лайықты қатысқан мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдарға, шаруашылық бірлестіктер мен компанияларға, бұл ізгі іске үлес қосқан барлық адамдарға шынайы ризалығымды білдіремін.

Құрметті мәжіліс қатысушылары!

Елімізде қалыптасқан оңды дәстүрге сәйкес, енді сіздермен бірге кіріп келе жатқан жаңа — 2018 жылға қандай ат беру жөнінде келісіп алуымыз керек. Біз бұл мәселе бойынша көп ойладық. Жыл барысында азаматтарымыздан Президенттің Халықты қабылдау бөлмелеріне және Виртуалды қабылдау бөлмесіне, мемлекеттік кеңселерге келген көптеген өтініштер мен хаттар, жер-жерлерде өткен кездесулерде білдірілген ой-пікірлерді де ескердік, жұртшылық пікірін үйрендік.

Білдірілген ой-пікірлердің барлығын ескеріп, мен жаңа — 2018 жылға елімізде Белсенді кәсіпкерлікті, инновациялық идеялар мен технологияларды қолдап-қуаттау жылы, деп ат беруді ұсынамын.

Осы орында белсенді кәсіпкерлік деген түсінікке қысқаша тоқталып өту қажет. Белсенді кәсіпкерлік бизнес қызметін инновациялық, яғни заманалық жанасулар, озат технология және басқару тәсілдері негізінде ұйымдастыратын экономикалық бағыт.

Белсенді кәсіпкер дегенде, біз бәсекеге қабілетті өнім өндіруге қабілетті, ең маңыздысы, жаңа жұмыс орындарын ашып, тек өзі мен жанұясын ғана бағатын емес, бүкіл қоғамға пайдасын тигізетін іскер адамдарды түсінеміз. Мұндай кәсіпкерлердің қатарын кеңейту, атап айтқанда, жоғары технологиялар, ғылым-білімнің ең соңғы жетістіктеріне негізделген техникалар мен аспап-құралдарды елімізге әкелу және енгізу үшін оларға лайықты жағдай жарату біздің бірінші орындағы міндетіміз болуы шарт. Керек болса, шетелдегі жетекші компаниялар мен ұйымдарда тәжірибе арттыруы, өзара мүдделі ынтымақтастық жасауы үшін оларға жан-жақты мүмкіндік туғызуымыз керек.

Бүгін біз мемлекет пен қоғам өмірінің барша саласын түбегейлі жаңартуға қаратылған инновациялық даму жолына өтудеміз. Бұл бекер емес, әрине. Өйткені заман қарқынмен дамып бара жатқан қазіргі кезеңде кім ұтады? Жаңа пікір, жаңа идея инновацияға сүйенген мемлекет ұтады.

Инновация — бұл болашақ деген сөз. Біз ұлы болашағымызды құруды бүгіннен бастайтын болсақ, оны дәл осы инновациялық идеялар, инновациялық жанасулар негізінде бастауымыз керек. Сондықтан біз Инновациялық даму министрлігін құрдық және оның алдына нақты міндеттерді қойдық. Бұл министрлік тек экономика саласында ғана емес, бүкіл қоғам өмірінде ең маңызды жобаларды жүзеге асыруда өзіндік локомотив рөлін атқарады, деп сенеміз.

Келесі жылы ғылыми-зерттеу және инновациялық істі дамыту, ол үшін қажетті қаржылық ресурстарды жұмсау, бұл үдерісте дарынды жастардың қатысуын, шығармашылық идеялар мен қолданбаларды жан-жақты қолдап-қуаттау міндеті тұрақты назарымызда болады.

 

І. Мемлекет және қоғам құрылысы жүйесін жетілдірудің үстем бағыттары

Құрметті халық қалаулылары!

Қазіргі күнде қоғам өміріндегі проблемаларды нәтижелі шешу, кең көлемді реформаларды дәйекті жалғастыру қажеттілігі мемлекеттік басқару саласында түбегейлі жаңа жүйе жаратуды талап етуде. Ол үшін “Мемлекеттік қызмет туралы” заңды жасау мен қабылдаудың уақыты келді, деп ойлаймын.

Бұл орында басқа маңызды мәселелер қатарында мемлекет қызметшілерінің еңбегіне ақы төлеу және олардың лайықты әлеуметтік қамту жүйесін жарату, қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар жауапкершілігін арттыруды да көздеу мақсатқа сәйкес.

Біз басқару саласында бірінші кезекте атқарушы билік органдарының қызметін жетілдіру, кадрларды, материалды ресурстарды тиімді пайдалану бойынша нақты өлшемдер мен тәртіптерді енгізуіміз қажет.

Екіншіден, атқарушы әкімшілік органдары міндеттерін жүзеге асыру тәртібін, олардың жауапкершілік аясын нақты белгілеу қажет.

Үшіншіден, экономика тармақтарына әкімшілік әсерлерін қысқарту және базар механизмдерін кеңінен пайдалану керек. Яғни мемлекет қатысуындағы бизнес құрылымдарын құруды шектеу, бұл орында базарға тән механизмдерді жасау, мемлекеттің кейбір функцияларын жеке секторға өткізу керек.

Төртіншіден, биліктің өкілетті органдары мен атқарушы әкімшілік кеңселері арасында жақын ынтымақтастықты қамтамасыз ететін тәсілдер мен әдістерді жетілдіріп, өте орталықтандырылған басқарудан бас¬қышпа-басқыш бас тарту керек.

Мемлекеттік қызметтерді тікелей төменгі буындарда көрсету, жергілікті әкімшілік кеңселері үшін қаржылай, тағы басқа да мүмкіндіктерді кеңейту қажет, бұл орында бар тәртіп-қағидаттарды ірілендіру және оңтайландыру, басқарудың инновациялық түрлерін енгізу қажет.

Бесіншіден, мемлекеттік қызмет институтын реформалау, коррупцияға қарсы әсерлі күрес механизмін енгізу керек.

Бүгін өмірдің өзі бізден кәсіби, жедел және нәтижелі мемлекеттік күрес жүйесін қалыптастыруды, жаңаша пікірлейтін, бастамашыл, ел-жұртына адал кадрларға кең жол ашу бойынша нәтижелі жүйе жасауды талап етуде.

Жоғарыда айтылған міндеттерді орындау үшін Өзбекстан Республикасында Әкімшілік реформалар концепциясын ауытқымай жүзеге асыруымыз керек.

Елімізде коррупцияға қарсы нәтижелі күрес жүргізу мақсатында осы бағытта жеке заң қабылданғаны белгілі. Соның негізінде нақты мақсаттарға қаратылған іс-шараларды қамтитын мемлекеттік бағдарлама дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осындай істеріміздің нәтижесінде үстіміздегі жылдың тоғыз айында коррупциямен байланысты қылмыстар өткен жылғымен салыстырғанда 33 пайызға кемейді. Біз мұндай нәтижелерді коррупцияға қарсы күрес барысындағы ұзақ та жалғасты қызметіміздің алғашқы нәтижесі, деп қабылдауымыз керек, бұл жолда бұдан да қатаң іс жүргізуіміз шарт.

Қадірлі достар!

Реформаларымыздың нәтижесін арттыруда парламент, депутат және сенаторлардың орны мен рөліне жеке тоқталуды жөн деп санаймын.

Биылғы 12 июльде Олий Мажлис мүшелерімен өткен кездесуде парламентіміз нағыз демократия мектебіне, реформалардың бастамашысына және негізгі орындаушысына айналуы қажеттігін ерекше айтып, іс жүзіндік шаралар бағдарламасын бекіткен едік. Бірақ бұл бағдарламаның орындалуынан халық қандай пайда көрді, қайсы депутат немесе сенатор адамдардың ауырын жеңілдетуге, денсаулық сақтау, экология, коммуналдық шаруашылық, білім беру немесе басқа салаларда оларды қинап жатқан проб¬лемаларды шешуге қаншалықты үлес қосты?

Бұл реттегі анық мысалдарды халық өмірде де, баспасөзде де, телевидениеде де көрген жоқ. Бұл — ақиқат.

Өкінішке орай, сенаторларымыз, депутаттарымыз оянуы керек, бұл — өмір талабы деген сөздер сөз жүзінде қалып кетті. Күтілген іс жүзіндік нәтиже жоқ екенін тағы да бір рет қайталап айтамын.

Жыл барысында айтылған 136 заңдылық бастамашылдығының небәрі 27-сі депутаттарға тиісті болып, оларда негізінен қолданыстағы заңдарға Президенттің жарлық және қаулыларынан туындайтын өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Осының өзі парламентіміз қызметінің нәтижесі жеткілікті еместігін көрсетпей ме?

Сонда не, реформаларды жүзеге асыру үшін тек Президент жарлық және қаулы қабылдауы керек пе?

Қашан парламент, мейлі көп емес, тым болмаса бір саланы түбегейлі жақсартуға қаратылған қаулы немесе заң шығарады? Бұл іс қашан болады?

Ел-жұртымыз сіздерден, құрметті халық қалаулыларынан бұл ретте жауап күтуде. Депутат немесе сенатор болып сайландық, енді өзіміз қалағанымызша жүреміз деген сөздер өткен заманда қалды. Ояну керек екенін тағы да қайталап айтамын.

Өкінішке орай, парламентіміздің қызметі көп жағдайда әншейін ресми мәжілістерден құралып қана қалуда.

Не үшін анықталған проблемалар немесе сайлаушылар көтерген мәселелер тиісті заңдар қабылдау жолымен не атқару билігінің алдына мәселені көлденең қоюмен шешілмей жатыр? Айтыңыздаршы, нәтижесіз бақылау, құрғақ мәжілістердің кімге қажеті бар?

Парламентіміз денсаулық сақтау жүйесін, қылмыс және құқықбұзушылықтардың ерте алдын алу, сондай-ақ жергілікті Кеңестерде іскерлік, өзін-өзі сынау рухын жаратудың басы-қасында болуы қажеттігін ұсынған еді.

Бірақ бұл салаларда парламент пен депутаттардың орны онша сезілмей жатыр.

Бүгінде бірде-бір аумақтағы денсаулық сақтау жүйесін тұрғындар үшін лайықты қызмет ететін дәрежеде ұйымдастырылған деп айта алмаймыз.

Заң шығару палатасы (Н.Исмоилов) өз қызметінде басты назарды жүйедегі осындай маңызды мәселелерді, әсіресе, жер-жерлерде шешуге қаратса мақсатқа сай болар еді. Қажет болса Заң шығару палатасында денсаулық сақтау мәселелері бойынша жеке комитет ұйымдастырып, оның мүшелері негізінен аумақтарда жұмыс істесе, нұр үстіне нұр болады.

Есептерге көңіл аударатын болсақ, жергілікті Кеңестер қызметінде ұнамды өзгерістер болған сияқты сезіледі, бірақ олар тек цифрларда ғана өрнектелуде. Бізге цифрлар емес, нақты нәтиже керек.

Қашан аумақтардағы жағдай ұнамды жаққа қарай өзгерсе, бюджетінің орындалуы толық қамтамасыз етілсе, қылмыс жасау кемейсе, жаңа жұмыс орындары ашылса, ең бастысы халықтың тұрмыс деңгейі жақсарса, жергілікті Кеңестердің қызметіне ұнамды баға берсек болады.

Бір өкініштісі, бірде-бір ауданда халық депутаттары Кеңесінің қызметі үлгілі негізде ұйымдастырылмады.

Сенат басшылығы (Н.Юлдошев) жоғары палатаның осы бағыттағы ісін сын тұрғысынан қараса, тұрғындардың пікірлері мен ойларын назарға алса, өкілдік органдарының қызметін түбегейлі өзгерту бойынша қажетті шараларды қарастырса мақсатқа сай болады. Сонымен қатар аумақтарда құқықбұзушылықтар профилактикасы мен қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттыру бойынша істерді де босаңсытпау керек.

Парламентіміздің ең басты қызметі — заң шығармашылығында кемшілік және нұқсандардан алыс деуге болмайды. Мойындауымыз керек, көпшілік жағдайда бірде-бір мәселені нақты шешпейтін, бір-біріне сәйкес келмейтін заң және заңнамалық құжаттарды қабылдау іс жүзінде көптеген проблемаларды туындатуда.

Өздеріңіз айтыңыздаршы, нәтижесіз жұмысшы топтар құру, құқықты қолдану практикасына ықпал етпейтін, атқару механизміне ие емес, орынсыз болса да айтайық, “өлі” заңдар кімге керек? Осындай ұнамсыз жайттарды жою мақсатында Заңдылық және нормативтік құжаттар шығармашылығын жетілдіруге қатысты концепция жасап, жүзеге асыруымыз керек.

Бұдан былай түрлі бағдарламалардың орындалуы аясында заң қабылдау практикасын қайта қараймыз.

Баршамыз бір шындықты ұмытпауымыз керек: заңның бірден-бір көзі де, авторы да шын мәнінде халық болуы шарт.

Әрбір заң жобасы бойынша пікір және ұсыныстарды төменнен — азаматтардан, жер-жерлердегі халық депутаттары Кеңестерінен алу тәртібін кеңінен енгізу керек. Заңдарды қабылдау үдерісінде оларды тұрғындар арасында жан-жақты талқылау жүйесін тиімді пайдалануымыз керек.

Олий Мажлис басшылығы заңдарды талқылауға кең жұртшылықты жұмылдыру, ол үшін заманалық ақпарат-коммуникация технологияларын енгізу, атап айтқанда, Интернет тармағында арнайы “алаңдар” жаратуы қажет. Соған байланысты еліміздің азаматтары мемлекет пен қоғам өміріне қатысты маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіруі үшін Интернет тармағында “Менің пікірім” деп аталған арнайы веб-бет ұйымдастыру мақсатқа сай. Атап айтқанда, демократияның озық механизмі ретінде ұжым болып электронды өтініш айту тәртібін енгізу қажет. Яғни бір топ азаматтар алға қойған бастамаларды Олий Мажлис немесе халық депутаттары Кеңестері қарауы міндетті екенін заңда белгілеп қою керек.

Біз жақында Олий Мажлис құзырында Заңдылық проблемалары және парламент зерттеулері институтын ұйымдастардық. Осы институт Олий Мажлиске келетін түрлі ұсыныстарды терең талдайтын, қажет болса қалбырдан өткізетін ғылыми орталық болуы шарт.

Тағы да бір маңызды мәселе — барша салада жағдайды жан-жақты үйрену және бар проблемаларды шешу үшін әсерлі шаралар жасауда Олий Мажлис палаталары мен саяси партиялардың рөлін одан әрі күшейту керек. Бұл үдерісте де тек сандардың соңынан қуудан бас тарту керек. Қағазда жүздеген мәселені шешкеннен гөрі, іс жүзінде бірнеше проблеманы шешіп берсеңіздер адамдар сіздерге риза болады.

Ең бастысы, өмірдегі өзгерістерді халық білуі, мемлекеттік билік жүйесінде шындығында өзінің өкілі бар екенін сезінуі керек. Болмаса барша істеріміз де, шараларымыз да зая кетеді.

Партияаралық бәсекені қамтамасыз ету, барша саяси субъектілер үшін теңдей жағдай жарату парламенттің рөлін күшейтудің маңызды шарты саналады.

2008 жылда ұйымдастырылған Өзбекстан Экологиялық қозғалысы өткен кезеңде шын мәнінде саяси күшке айналғаны белгілі. Дегенмен мойындауымыз керек, Қозғалыс өкілдерінің парламенттің төменгі палатасына квота негізінде кіргізілуі оның белсенді де бастамашыл болып жұмыс істеуін белгілі бір дәрежеде бәсеңсітуде. Барша саяси күштер үшін тең жағдай жарату және парламенттің төменгі палатасынан Экологиялық қозғалыс өкілдері үшін арнайы орын бөлуден бас тарту уақыты жетті деп ойлаймын. Бұл өзгеріс саяси алаңдағы салауатты бәсекені күшейтеді және Экологиялық қозғалыстың ерекше саяси күш ретінде нығаюына қызмет етеді.

Осы орында саяси өмірімізде құнды маңызы бар сайлау заңдылығына да тоқталмақшымын. Бұл ретте қабылданған 6 заң және бірнеше заңнамалық құжаттар, өкінішке орай әлі күнге дейін тұтас бір құжат формасына келтірілмеген. Сондықтан халықаралық норма және стандарттарға жауап беретін бірыңғай Сайлау кодексін жасау және қабылдау қажет. Сонымен қатар 2019 жылда биліктің өкілдік органына өтетін сайлауларға дайындық жасау бойынша шаралар бағдарламасын жасауға қазірден кірісу керек. Бағдарламада осы саяси үдеріс бұдан да жариялылық рухында өтуін қамтамасыз ететін жаңа, озық практиканы енгізуге баса назар аудару қажет.

Құрметті достар!

Алдымызда тұрған кезектегі маңызды мәселе — мемлекеттік қызметтердің сапасын түбегейлі жақсарту, олардың көлемін кеңейту арқылы тұрғындар үшін қолайлы орта жарату. Сондықтан барша мемлекеттік кеңселер көрсететін қызметтерді үйлестіріп, бақылап отыратын жаңа құрылым — Әділет министрлігі құзырында Мемлекеттік қызметтер агенттігін ұйымдастырдық. Енді осы Агенттіктің Халықты қабылдау бөлмелері жанында қызмет көрсететін Мемлекеттік қызметтер орталығы тек кәсіпкерлерге ғана емес, бүкіл халқымызға жедел және сапалы қызмет көрсететін кеңсе болады.

Мемлекеттік органдар қызметін жоспарлау, нәтижелілігін арттыру әлі де өзекті мәселе болып қалуда.

Бүгінде бірде-бір кеңсенің өткен кезеңдегі қызметіне бейтарап бағалау мүмкіндігін беретін нақты өлшем жоқ. Мысалы, қазірге дейін мен Экономика министрлігі немесе басқа бір министрліктің қызметіне қайсы өлшем бойынша баға берілетінін білмеймін. Сондықтан министрлік және кеңселер, барша деңгейдегі әкімдіктер болжам көрсеткіштерін белгілеуде өз қызметінде күтілген нәтижелердің нақты көлемі мен сапа көрсеткіштерін белгілеп алуы қажет.

Мемлекеттік органдар құрылымы мен міндеттерін қайта қарау талап етілуде. Ең бастысы, бұл ретте қателік жасамау, терең ойластырып қаулы қабылдау үшін Әкімшілік реформалар концепциясын жүзеге асыру бойынша комиссиядан, әрине, ұнамды қорытынды алынуы керек.

Елімізде қабылданып жатқан іс-шараларды нәтижелі жүзеге асыруда атқарушы билік органдарының үйлесімді жұмыс жүргізуінің маңызы зор.

Өкінішке орай, бүгінде қызмет бағытындағы жауапкерлік дәрежесі, өкілет механизмдері анық шекараланып, белгілеп қойылмағандықтан ісімізге кедергі жасауда.

Соған байланысты мемлекеттік басқаруда ашықтыққа негізделген, нәтижелі қаулылар қабылдау жүйесін енгізу керек.

Мемлекеттік басқару органдары мен Министрлер Кабинеті арасында өзара ынтымақтастықта іс жүргізу бойынша қағидат және механизмдерді қайта қарау мақсатқа сай болады.

Әрбір министрлік өзіне сеніп тапсырылған салада мемлекет саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі және қорытынды нәтиже үшін толық жауапкер болуы шарт.

Министрліктермен теңдей статуста қызмет жүргізіп жатқан, үкімет және парламентпен тікелей ынтымақтастықтағы агенттіктер, комитет, инспекция және орталықтарды тиісті министрліктерге мойынсұндыру талап етіледі. Осыны ескере отырып, Үкіметтің міндет және құрылымын сын тұрғысынан қайта қарау және оптималдандыру керек. Мұндай өзгерістер мемлекеттік және шаруашылық ісі саласында дерлік бірдей міндеттерді атқарып жатқан 100-ден астам басқару органының санын күрт қысқарту мүмкіндігін береді.

Біз үшін ең ауыр проблемалардың бірі — мемлекеттің функция және өкілеттері шамадан тыс орталықтандырылғаны. Мысалы, қазіргі кезде 64 лицензия түрі бар болса, соның 21-і Министрлер Кабинетінен және 40-ы Орталық кеңселерден беріледі. Бұл лицензиялардың 3-і облыс әкімдіктерінің және тек біреуі аудан әкімдіктерінің өкілетіне тиісті. Мұндай жағдайды рұқсат берумен байланысты құжаттарды ресімдеу саласынан да көруге болады.

Рұқсат беруге қатысты 220 құжаттың тек 11-ін аудан немесе қаладан алуға болады. Қалған 209-ы үшін Республикалық және облыстық органдарға баруға тура келеді. Өздеріңіз айтыңыздаршы, осы дұрыс па? Мысалы, Шовот ауданында жекеменшік балабақша ашуға лицензия алу үшін кәсіпкер мың шақырым жол басып, Ташкентке келіп-кетуге, 3-4 айлап күтуге мәжбүр болады.

Кадрларды тағайындау, орнына қою, несие және қаржы бөлу, жергілікті деңгейде көптеген маңызды қаулыларды бекіту барысында да осындай жағдайлар болуда.

Жергілікті билік органдары қарапайым мәселелерді шешуде өкілетке ие болмаса, мұны қалай түсінуге болады?

Бұлардың баршасы жергілікті құрылымдарға аумақтағы күрделі әлеуметтік-экономикалық ділгірліктерді шешу бойынша тәуелсіз іс жүргізуде кері әсер етуде.

Мемлекеттік басқаруды шектен тыс орталықтандырудан бас тарту керек. Ол үшін көптеген өкілеттерді орталық мемлекеттік органдардан аумақтық органдарға өткізу керек. Сондықтан да жер-жерлерде — аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктерде инвестицияларды белсенді тарту бойынша әкім орынбасарлары лауазымы енгізілді.

Сонымен қатар аумақтық басқару органдарының бюджет қаржыларын қалыптастыру, қосымша қорларды жарату бойынша салық, қаржы және экономика салалары органдарының жауапкершілігін арттыру бо¬йынша қаулы қабылданды.

Бюджет жүйесін реформалау саласында жергілікті билік органдары өкілеттері бұрынғыдан да кеңейтілді. Енді әрбір аумақ басшысы берілген мүмкіндіктерді пайдаланып, жауапкершілікті толық өз мойнына алуы, өз арбасын өзі тартуы керек.

Жақын болашақтағы өзекті міндеттердің бірі — аумақтарда әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жауапкер болған басшыларды таңдау және орын-орнына қою бойынша өкілеттерді аудандық және қалалық әкімдіктерге толық өткізу. Бұдан былай медицина бірлестігі, халыққа білім беру, экономика, қаржы бөлімдері, салық инспекциясы, тағы басқа құрылымдар басшыларын лауазымға тағайындауды және босатуды аудан әкімі жүзеге асырады. Облыстар мен Ташкент қалалық әкімдіктері бойынша кадрларды таңдау, тағайындау және лауазымнан босатумен байланысты өкілеттер қайта қаралады.

Қазір жергілікті басшыларға мұндай кең өкілет және тәуелсіздік берумен қатар, қорытынды нәтиже үшін олардың жауапкершілігін түбегейлі арттыруымыз қажет.

Тағы бір маңызды міндет — әкімдіктердің атқарушы және өкілдік билік басшылары ретіндегі өкілеттерін жеке-жеке ажыратып қоюмен байланысты.

Соңғы кезде елімізде халық депутаттары Кеңестерінің рөлі, халық қалаулыларының өкілеттері түбегейлі арттырылды. Саяси партиялардың жергілікті билік кеңселерін қалыптастыру бойынша өкілеттері басқышпа-басқыш кеңейтілді, ал депутаттық бақылау нығайтылды. Бірақ, ашық мойындауымыз керек, әкімдердің жергілікті Кеңестерге де, атқару билігіне де басшылық жасауы демократиялық қағидаттарға сай келеді, деуге болмайды.

Әкімдер аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ең маңызды және өзекті мәселелері бойынша жергілікті Кеңестерге есептер ұсынуы керек екені баршаға белгілі. Ал Кеңестер өз орнында қаулылар қабылдайды. Енді айтыңыздаршы, есебін өзі басшылық етіп жатқан жергілікті Кеңеске ұсынуы мен бекіттіруі, өзінің қызметіне өзі баға беруі дұрыс па?

Бұл жүйе әкімдер мен жергілікті Кеңестердің міндеттерін нәтижелі орындауына кері әсер етіп жатқанын заманның өзі көрсетуде. Біз алдағы уақытта бұл мәселе бойынша заңға негізделген дұрыс шешім табамыз.

Әкімдердің аумақтарды дамыту, жергілікті бюджетті орындау, коммуналдық ділгірліктерді шешу сияқты басты қызметін халқымызға өз өкілдері арқылы тиісті бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік жасау біздің ең маңызды міндетіміз болуы керек.

Бүгінгі жағдайда ашықтық пен есеп беру жауапкершілігі мемлекет аппаратын қалыптастырудың маңызды шарты саналады.

Жақын болашақта барша мемлекет сатып алуларын жүзеге асыру мен мемлекет мүлкін сату үшін Интернет тармағында ортақ алаң ұйымдастыру керек. Бұл бюджет қаражаттарын қысқарту, мемлекет мүлкін нәтижелі басқару және үлкен қаржыны үнемдеу мүмкіндігін береді.

Қадірлі отандастар!

Еркін азаматтық қоғам құру, адам құқын және еркіндігін қорғау барысында жүзеге асырылып жатқан реформаларымызда беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың орны мен рөлі теңдессіз екенін ерекше атап өту керек.

Қазірде елімізде 9 мыңнан астам беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйым бар, 29 халықаралық және шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың филиалы мен өкілеттігі жұмыс жүргізуде. 2017 жылы “Нуроний” қоры, Жастар одағы, Өзбекстан фермерлік, диқан шаруашылықтары мен үй алды жер иелері кеңесі, Сауда-өнеркәсіп палатасы, өзін-өзі басқару органдарының қызметін сәйкестендіру бойынша Республикалық кеңес сияқты беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың қызметін жетілдіруге, оларды қолдап-қуаттауға қаратылған жеке жарлық және қаулылар қабылданды. Бірақ, осындай маңызды іс-әрекеттерге қара-мастан, тұрғындардың ділгірліктерін жүйелі үйрену, оларды шешу, әсіресе, әлеуметтік жағдайы нашар әйелдерді қолдап-қуаттау, жастар мен қыз-келіншектер арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, оларды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелеріне бұл ұйымдардың қатысуы жеткілікті дәрежеде сезілмей жатыр. Олар тек атына ғана жиналыстар өткізумен айналысуда.

Беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар бүгін айтылған сыннан қорытынды шығарып, өз қызметінде жаңа бетбұрыс жасайды деп сенеміз. Осы әлеуметтік құрылымдармен іс жүзіндік байланысты жолға қою мақсатында Өзбекстан Республикасы Президенті құзырында Азаматтық қоғамды дамыту бойынша мәслихат кеңесін құру мақсатқа сай деп ойлаймын.

Бұл бағыттағы тағы бір өзекті мәселеге тоқталмақпын. Бүгінге дейін мемлекеттік органдардың қызметіне нәтижелі қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың нақты заңды механизмдері жаратылмаған. Ал, бұл беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар тарапынан мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметін бейтарап бағалауға кедергі жасауда. Сондықтан да мемлекет және қоғам басқаруында қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың әсерлі және іс жүзіндік механизмдерін енгізу мақсатында “Қоғамдық бақылау туралы” заңды қабылдау керек. Осыған байланысты барша мемлекеттік органдардың жанында жұмыс істейтін қоғамдық кеңестерді ұйымдастыруды ұсынамын. Бұл қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдар қызметінің жариялылығын қамтамасыз ететін, оларды тұрғындармен тікелей байланыстыратын көпір міндетін атқаруы керек.

Қоғамымыз өмірінде демократиялық қағидаттарды нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды және ықпалды фактор саналады. Бұл бойынша кәсіби журналистиканы дамыту, атап айтқанда беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат және талдау Интернет сайттарын қаржылай қолдап-қуаттауға назар аудару, ол үшін жеке мемлекеттік қор құру мақсатқа сай.

Бүгінде елімізде 1 мың 500-ден астам бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істеуде. Олар меншік формасы, бағыты, ақпарат жеткізу қондырғылары бойынша әртүрлі. Олардың барлығына жоғары білікті кадрлар керек екені өз-өзінен белгілі.

Өкінішке орай, мұндай кең көлемді міндеттерді талап дәрежесінде шешетін тірек жоғары оқу орны елімізде жоқ. Осыған байланысты Журналистика және бұқаралық коммуникация қондырғылары университетін ұйымдастыру керек, деп санаймын.

 

ІІ. Заң үстемдігін қамтамасыз ету және сот-құқық жүйесін одан әрі реформалаудың үстем бағыттары

Құрметті депутаттар мен сенаторлар!

Мен бір пікірді қайталаудан шаршамаймын: халқымыз барлық нәрседен жоғары қоятын әділетті өмірімізде шын мәнінде тұрақтандыру ең басты міндетімізге айналуы шарт.

Өткен бір жыл барысында сот билігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша кең көлемді істер басталды. Атап айтқанда, соттардың құрылымын, сондай-ақ судьялық лауазымдарға үміткерлерді таңдау мен тағайындау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ешқандай билік буынына мойынсұнбайтын орган — Судьялар жоғары кеңесі ұйымдастырылды. Кеңес судьялыққа үміткерлерді таңдау мен тағайындауға әсерлі жұртшылық бақылауын орнатты.

Осы саладағы реформаларды жалғастыруымыз қажет. Сол мақсатта Олий Мажлис құзырында Сот билігі тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін комиссия құру қажет, деп ойлаймын. Бұл комиссия адамдардан түскен өтініштер, халықпен тікелей кездесу мен диалог үдерісінде көтеріліп жатқан мәселелерді жинақтауы, парламент сұрауы арқылы әділ жағдайды талқылауы, Жоғарғы сот және Судьялар жоғары кеңесімен бірге ділгірліктерді шешу шараларын қарастыруы керек. Сот билігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін, бірінші орында судьяларды әділ соттауға әсер ететін факторлардан қорғау керек. Тергеу және сот ісіне араласу жағдайларын анықтау, ол үшін жауапкерлікті күшейту мен жазаның сөзсіз болуын қамтамасыз ету өте маңызды.

Біз “Хабеас корпус” институтын енгізу және тергеу жүргізуде сот бақылауын күшейту бойынша істерді дәйекті жалғастырамыз. Осыны ескеріп, тінту өткізуге және қылмыс жасауда күмәнді тұлғалардың телефонындағы диалогтарын тыңдауға санкция беру құқын соттарға өткізу керек.

Біз кейбір қылмыстарды қылмыстар категориясынан шығару мен ырықтандыруға, қылмыстық жазаларды адамгершілік тұрғысынан өзгертуге ерекше назар аударамыз. Осы мақсатта 2018-2021 жылдарда қылмыс пен қылмыс-процессуалдық заңдылықты дамыту концепциясын қабылдауымыз және жүзеге асыруымыз керек.

Халқымыздың кешірімді болу және кеңпейілділік сияқты құндылықтарын ескеріп, қылмыстық жауапкерлікке тарту мерзімдерін қайта қарау керек. Сонымен қатар жоғары кәсіби дәрежеде жұмыс істейтін білікті судьяларды даярлауға қызмет ететін Өзбекстан Республикасы Әділ соттау академиясын құруымыз керек.

Конституция мерекесіне арналған мәжілісте айтылғанындай, бұдан былай Өзбекстанда қамауға алынған және қылмыстық жауапкерлікке тартылған тұлғаларға қатысты қинау, психологиялық, сондай-ақ физиологиялық қысым өткізу, басқа да адамгершілікке қайшы зорақылыққа мүлдем жол берілмейді. Мұндай әрекеттерді жасаған қызметкер немесе біреудің “тапсырмасын” орындаған әрқандай тұлға, кім болуынан тыс қатаң заңды жазаға тартылады.

Сотталғандардың құқын қамтамасыз ететін қосымша механизмдер жаратуды ескеріп, қылмыс-атқару заңдылығын бұдан да жетілдірудің маңызы зор.

Жазаны орындау мекемелері жүйесін сын тұрғысынан үйрену және түбегейлі жетілдіру аясында 2018-2022 жылдары тиісті іс-шаралар бағдарламасын қабылдау жоспарлануда.

Адам құқықтары бұзылуының алдын алу мақсатында барша уақытша сақтау және тергеу қамаулары, жазаны орындау мекемелері бейнебақылау қондырғыларымен қамтамасыз етілуде. Алдағы жылдан бастап ішкі істер органдары жол-патруль және пост-патруль қызметтерін өз міндетін орындау, әсіресе азаматтармен байланыс үдерісін тіркеу міндетін беретін бейнекамералармен қамтамасыз етеміз. Бұл жүйе саладағы дәмегөйлік пен қызмет бабын пайдаланудың алдын алу мүмкіндігін береді.

Қазіргі кезде облыстар арасында жол-патруль постарының ескіше орналасуы қозғалыс еркіндігін шектеп, сауда-экономикалық қатынастарға, ішкі және сыртқы туризмнің дамуына жағымсыз әсер етуде.

Өздеріңіз ойлаңыздаршы, бүгінде еліміздің аумағында 60-тан астам осындай пост бар. Енді көз алдарыңызға келтіріңіздерші, жай ғана адам Хорезмнен Ташкентке машинамен келмекші болса, жолда 17 постан өтеді. Ферғана аңғарынан келе жатқан адам 8 осындай постқа душар болады. Сондықтан облыстар шекарасындағы барша жол-патруль постарын таратып, патруль қызметі станционар постарының санын шұғыл кемейту керек.

Біз құқықтық-демократиялық мемлекет құрып жатқан екенбіз, жан-жақты білімді, жоғары білікті, халықаралық стандарттарға жауап беретін өз кәсібінің нағыз жанкүйері болған құқықтанушы кадрлар даярлау ісін жетілдіруміз керектігін ерекше айтқан орынды.

Дәл қазірде еліміздегі жоғары білім мекемелеріне заңгер мамандығы бойынша бір жылда 600-ге жуық студент қабылданады. Бұл жалпы жоғары оқу орындарына қабылданатын студенттердің небәрі бір пайызын құрайды. Бұл мемлекетіміз бен қоғамымыздың құқықтану мамандарына деген артып бара жатқан сұранысын қанағаттандыруы мүмкін бе? Әрине жоқ. Бұл ретте Ташкент мемлекеттік заң университетінің оқу-әдістемелік базасын кеңейтумен қатар, елімізде осы бағыттағы ірі және беделді шетелдік жоғары білім беру мекемелерінің филиалдарын ұйымдастыру біз үшін маңызды міндет саналады.

Баршаңызға белгілі, елімізде соңғы жылдарда адвокатураны дамыту бойынша мақтауға лайықты істер жүзеге асырылды. Енді адвокаттардың консалтинг қызметі, яғни кеңес беру және кәсіпкерлік субъектілерге құқықтық жәрдем көрсету барысындағы қызметін жетілдіру шараларын қарастыруымыз қажет. Адвокаттар тарапынан заңды қызметтер көрсету барысындағы қызметті кеңейту керек. Атап айтқанда, кәсіпкерлерге рұқсат беретін құжаттарды ресімдеуге көмектесу, мемлекеттік органдарда өкілдік ету, келіспеушіліктерді сотқа дейін шешу, еңбек құқы бойынша заңды қызметтер көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру сияқты бағыттарда мұндай қызметтерді күшейту керек.

Осы күнге дейін құқық қорғау органдары мен сот кеңселерінің негізгі міндеті көпшілік жағдайда адамдарды жазалау ғана болғанын баршамыз білеміз. Бұл — ащы ақиқат. Сондықтан мен бір пікірді қадап айтпақшымын: құқық-тәртіп органдарының қызметкерлері жақсылап біліп алсын — “тексер-тексер” және “деді-деді” деген сөздермен жауапкершілікке тартудан халық қатты шаршаған.

Өкілет аясынан шығып, барша салаға араласу, Отан және халықтың мүддесі бір жақта қалып, өз мүддесі үшін “кеңсенің” атын жамылатын кезең өтіп кетті. Яғни енді бірде-бір азамат жалған дәлелдер, жала жабу, жалғанмен жауапкершілікке тартылмауы керек. Конституция және заң нормаларының сөзсіз жұмыс істеуі үшін сенімді кепілдіктер жаратуымыз қажет.

Біз әрқандай құқық қорғау органы тікелей өзінің өкілеті аясынан шықпайтын, бір-бірінің функциясын қайталамайтын жүйені қалыптастыруымыз шарт. Қысқаша айтқанда, ішкі істер — қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, ұлттық қауіпсіздік — мемлекетті ішкі және сыртқы қатерлерден қорғаумен шұғылдануы қажет. Ал прокуратура заңдардың орындалуы үстінен бақылау жүргізуі қажет. Соттардың негізгі міндеті әділетті қалыптастырудан тұрады. Мұның үшін сот әрбір іс бойынша заңды, негізді және әділетті қаулы шығаруы керек. Осы мақсатта өткен бір жыл барысында сот, прокуратура, ішкі істер органдарының қызметін түбегейлі реформалау бойынша кең көлемді істерді жүзеге асырдық. Осы кеңселердің міндеттері нақты белгіленіп, олардың жұмысы халық мүддесіне қызмет етуге бағытталуда. Бірақ осы ретте қабылданған бірқатар заңдар, жарлықтар мен қаулылар өмірге толық енгізілді, деуге әлбетте, әлі ерте.

Қарастырылып жатқан шараларға қарамастан, ішкі істер кеңселері әлі шынайы “Халықшыл ішкі істер кеңселеріне” айналған жоқ.

Прокуратура органдарының қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету барысындағы қызметі жеткілікті емес.

Сот кеңселері әлі де әрқандай жағдайда әділетті қалыптастыратын орынға айналған жоқ.

Осы кеңселердегі барлық қызметкерлердің жұмысы азаматтардың конституциялық құқын қорғауға толық жұмылдырылуда, деп айта алмаймыз. Сондықтан осы саладағы реформаларды алдағы уақытта да қатаң әрі дәйекті жалғастырамыз.

Сот және құқық қорғау кеңселерінің жұмысына тек халқымыздың өзі ғана баға береді. Олар үшін бір ғана және ең қатаң талап — бұл азаматтардың заңды мүддесіне қызмет етуден және олардың құқын әрқандай жағдайда да қорғаудан тұрады. Ең негізгісі, біз бір кеңсенің қолында барлық өкілеттер мен ресурстардың жиналып қалуына, өзара тыйып тұру және мүдделер тепе-теңдігі қағидатының бұзылуына жол бермеуіміз қажет.

Осы орында Ұлттық қауіпсіздік қызметі кеңселері бүгінге дейін 26 жыл бұрын Үкімет бекіткен Ереже негізінде жұмыс жүргізіп келе жатқанын айту қажет. Осы Ереженің ширек ғасыр барысында өзгертілмегені және әрқандай қарапайым мәселенің де ұлттық қауіпсіздікке қатер деп бағаланып келгені осы кеңсе өкілеттерінің негізсіз кеңейіп кетуіне себеп болған.

Қазіргі уақытта әлемнің кейбір аймақтарында пайда болған келеңсіз жағдай тұрғындар миграциясының күшеюіне, ал бұл, өз кезегінде, терроризм мен экстремизмнің таралуына, сондай-ақ олардың жаһандақ проблемалардың біріне айналуына әкелуде. Мұндай жағдайда ұлттық мемлекеттілігімізді, тәуелсіздігімізді, тұрғындардың бейбіт те тыныш өмірі мен қауіпсіздігімізді сақтау біз үшін ең үстем міндетке айналуда. Дәл осы тұрғыдан және жаһандану кезеңінің барлық қатерлерін ескеріп, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жұмысын да реформалаудың уақыты келді. Осыған орай “Құқық қорғау органдары туралы” және “Ұлттық қауіпсіздік қызметі туралы” заңдарды жасауды және қабылдауды ұсынамын. Осы заңдардың қабылдануы азаматтардың конституциялық құқы мен еркіндігін, сондай-ақ өркениетті өмірі кепілдіктерін одан әрі нығайту үшін құқықтық іргетас жаратады деп ойлаймын.

 

ІІІ. Экономиканы дамыту мен ырықтандырудың үстем бағыттары

Қадірлі достар!

Әрқандай реформа мен өзгеруді тұрақты экономикасыз жүзеге асыруға болмайтынын барлығымыз жақсы түсінеміз. Біз өткен жыл барысында осы ретте кең көлемді істерді бастадық. Бірақ ұлттық экономикамызды нығайту, елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосу үшін алдымызда әлі көптеген міндеттер тұр.

Бүгінде әлемде инновациялық даму модельдерін енгізу, озат идеялар, “ноу-хау” және “ақылды” технологияларды экспорттау есебіне жедел қарқынмен дамып жатқан мемлекеттердің саны барған сайын артуда. Елімізде осы бағытта жүзеге асырылған істерді, өкінішке орай, қанағаттанарлық деуге болмайды, десем, сіздер де осы пікірге қосыласыздар деп ойлаймын.

Халықаралық валюта қорының деректеріне орай, тұрғындардың әрбіріне тура келетін жалпы ішкі өнімнің көлемі бойынша Өзбекстан әлем рейтингінде 187 елдің арасында 134-орында тұр. Алайда, Өзбекстан өте бай табиғи ресурстарға, үлкен экономикалық әлеуетке ие болған мемлекет. Еліміздің жерінде алтын, күміс, мыс, уран, мұнай, табиғи газ, көмір сияқты табиғи қазба байлықтардың үлкен қорлары бар. Жалпы, Менделеевтің химиялық заттар кестесіндегі барлық элементтерді елімізде табуға болады.

Біздегі өнімді топырақ, төрт мезгілде де күн шығып тұратын қолайлы климат пен қайталанбас табиғатты, өзіңіз айтыңыз, тағы қай жерден табуға болады?

Барлық әңгіме осы баға жетпес байлықты халқымыздың мүддесі жолында тиімді де нәтижелі жұмсай алуда. Бірақ ашық мойындауымыз керек, осы мәселеде біз артта қалып жатырмыз. Мысалы, 2017 жылы елімізде газ өндіру көлемі 56,5 миллиард текше метрді құрады. Бірақ осы саланың жылдар барысында жаңғыртылмағаны себепті жоғалту мөлшері өте үлкен — 20-23 пайызды құрауда. Осы байлықтың үлкен бөлігі бекерге ысырап болып жатқаны, әлбетте баршамызды ойландыруы, тәшпішке салуы қажет. Өйткені Құдай мұндай жемісті баршаға да бермеген. Оны қадірлеу, әрбір мысқалын абайлап істету керек.

Экономика — бұл есеп-қисап дегені. Әрбір жұмысымызда тыңғылықты есеп-қисап бірінші орында тұруы қажет. Кері жағдайда барлық жұмысымыз сол баяғы күйінде қала береді. Міне, мысалы, 2018 жылы 66 миллиард текше метр табиғи газ өндіруіміз керек. Осыдан 17 миллиард текше метр газ “Узбекэнерго” акционерлік қоғамына жеткізіледі. Мұның есебінен 56 миллиард киловатт электр энергиясы өндіріледі. Өкінішке орай, бізде электр жеткізу желілері ескіріп кеткен. Соның нәтижесінде 15-20 пайыз электр энергиясы тұтынушыға жетіп бармастан, желінің өзінде зая кетуде.

Немесе тағы бір мысал. “Узкимесаноат” акционерлік қоғамының құрамына енетін кәсіпорындар жылына 10 миллиард текше метр табиғи газды тұтынады. Осы негізде минералды тыңайтқыштар өндіріліп, фермерлерімізге жеткізіледі. Фермерлік шаруашылықтардан бұл үшін қаржылар өз уақытында өндірілмегені себепті “Узкимесаноат” кәсіпорындары 2017 жылғы 1 декабрьге дейін табиғи газдан 890 миллиард сум қарыздар болып қалған.

Базар жағдайында өнім жеткізіп беретін де, тұтынушы да өзінің келісімшарт міндеттемелерін толық орындауы қажет. Кері жағдайда, бір жерде тепсініп, басымыз проблемадан шықпайды.

Экономикада басқару жүйесінің ескіргені, инновациялық идеяларды қолдап-қуаттау бойынша нәтижелі механизмдер өз уақытында енгізілмегені де күрделі проблема болып қалуда. Сондай-ақ технологиялық артта қалу, ресурс пен энергияны үнемдейтін технологияларды, баламалы энергия көздерін қолданудың бәсеңдігі де экономикалық өркендеу жолына тосқауыл болуда.

Ең жаманы, болашақты ірі жобаларды белгілеуде және жүзеге асыруда күрделі қателіктерге жол берілгені, шетелдік несиелер нәтижесіз жұмыстарға жұмсалғаны экономиканың дамуына кедергі жасауда. Мысалы, елімізде 25 жыл барысында алынған несиелердің басым бөлігі жеткілікті экономикалық нәтиже бермегенін түрлі сарапшылар мен мамандар ашық мойындауда. Мысал үшін, Қарақалпақстанда құрылған Үстірт газ-химия кешені күтілген экономикалық пайданы бермей жатыр. Қаржы министрлігінде отырған кейбір “қайраткерлер” уақытында осы — әлемдегі ең зор жоба, деп бүкіл дүниежүзіне жар салған еді. Бірақ нәтиже қайда?

Мұндай аянышты жағдайды халқымыздың ең өткір сұраныстарымен байланысты әлеуметтік бағдарламалар бойынша да көруге болады. Мысал үшін, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында соңғы 10 жылда 17 жоба аясында 618 миллион доллардан астам шетелдік несие қаржылары тартылды. Егер осынша валюта халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін нәтижелі жұмсалып, нақты нәтижеге қол жеткізілгенде, әлбетте, осы іске бастамашыл болған экономика кешенінің басшыларына бүгін мыңдаған рақмет айтатын едік. Бірақ, өкінішке орай мұндай болған жоқ. Басталған жобалардың көпшілігі соңына жеткізілмеді. Ауызсу қаншама адамдар үшін әлі де тәтті арман болып қалуда. Олардың үміті, сенімі ақталмағаны үшін кім жауап береді?

Біз, алдымен, шеттен несие мен инвестициялар әкелу бойынша нәтижелі жүйе жаратуымыз, әрбір несиені нақты жұмсауды үйренуіміз қажет. Осы мәселеде жеті өлшеп, бір рет кесетін, салдарын терең ойлап жұмыс жасайтын кезең келді.

Осы тұрғыдан, мемлекеттің инновациялық жаңару бағдарламасын қалыптастыру, инновациялар мен инвестицияларды нәтижелі пайдаланатын жаңа ұрпақ кадрларын, жаңа инвесторлар сыныбын дайындау өте ерекше маңызға ие. Мұның үшін Өзбекстанды технологиялық дамыту және ішкі базарды жаңғырту бойынша күшті ұлттық идея, ұлттық бағдарлама қажет. Осы бағдарлама Өзбекстанды әлемдегі өркендеген елдердің қатарына тезірек алып шығуға мүмкіндік жаратуы қажет.

Елімізде негізгі энергия ресурстарының бағасы төмен болғаны базар экономикасы жағдайында өзін ақтамайтынын әлбетте барлығымыз жақсы түсінеміз. Мысалы, Өзбекстанда тұрғындар мен өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 1 мегаватт сағат электр энергиясының бағасы 25 АҚШ долларын құрайды. Ал Германияда бұл баға тұрғындар үшін — 332 долларды, кәсіпорындар үшін — 144 долларды құрайды. Ресейде тиісінше 47 және 51 долларды, Үндістанда 68 және 87 долларды құрайды. Сондай-ақ 1000 текше метр табиғи газдың бағасы Өзбекстанда 32,9 доллар, Швецияда 1552, Португалияда 1132 доллардан астам, Италияда 1045, Германияда 785 доллардан, ал Англияда 770 доллардан астамды құрайды. Осы цифр Ресейде 83 доллардан, Қазақстанда 45 доллардан астам.

Көрініп тұрғанындай, бізде энергия және табиғи газ ресурстары дамыған мемлекеттермен салыстырғанда бірнеше есе арзан. Бірақ ресурстарды тиімді пайдаланудың жоқтығы нәтижесінде өзіндік бағаның төмендеуіне, өнім көлемінің өсуіне қол жеткізу қиын болуда.

Энергия ресурстарын пайдалану нәтижелілігін арттыру үшін еліміздің энергетика жүйесін реформалауымыз, осы ретте нақты стратегияны жасауымыз қажет. Алдымен нәтижесіз және зиянмен жұмыс істейтін кәсіпорындарды жекешелендіру, монополияны жою керек. Сондай-ақ электр энергиясын жеткізуде бәсеке ортасын қалыптастыру және баламалы энергия көздерін пайдалануды ынталандыру қажет. Ол үшін жеке секторды кеңінен жұмылдырып, өндірісті қаржыландыру бойынша базар механизмдеріне өту талап етіледі.

Біз 2018 жылды Белсенді кәсіпкерлікті, инновациялық идеялар мен технологияларды қолдап-қуаттау жылы деп жариялаған екенбіз, келесі жылы белсенді кәсіпкерлікті дамыту басты назарымызда болады. Осы саланы қолдап-қуаттау, бизнес субъектілерін жедел де тұрақты дамыту жолындағы тосқауылдар мен кедергілерді жою бойынша қажетті шаралар қарастырылады.

Өкінішке орай, кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруда әлі де проблемалар жоқ емес.

Елімізде кәсіпкерлік не үшін күтілген деңгейде дамымай жатыр? Өйткені осы сала өкілдерін негізсіз түрде тексеру жағдайлары көп. Ашығын айтқанда, кәсіпкерліктің еркін дамуына өзіміз — мемлекеттік кеңселер жол бермей жатырмыз. Ешкімге керек болмаған тәртіп-ережелер әліге дейін сақталып қалуда, жер-жерлерде көптеген лауазымды тұлғалар тек өзінің жеке мүддесін ғана ойлап жұмыс жасауда.

Бұл жайлы сөз өрбіткенде, атақты мемлекет және саясат қайраткері Уинстон Черчилльдің бір сөзі еріксіз еске түседі. Қараңыз, ол не деп жазған екен: “Кейбіреулер кәсіпкер дегенде сауын сиырды, тек санаулы адамдар ғана кәсіпкер дегенде ауыр арбаны тартатын еңбекқор атты түсінеді”.

Бұл сөздердің қаншалықты дұрыс екеніне түсініктеме берудің қажеті жоқ, деп ойлаймын.

Базар экономикасының талабы мынадай, ресурс пен жағдайларды пайдалану мүмкіндігі, яғни қызмет алаңы баршаға тең болуы қажет. Жеке билікке ешкімнің ақысы жоқ. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, тұрғындардың сұранысы үшін қажет болған өнімдерді елімізге импорттау тек кейбір топтардың ғана қолына жиналып, олар үшін оңай табыс көзіне айналып қалғанын әділетті деп айтуға болмайды.

Кейбір кәсіпорындарға жеңілдіктер беру арқылы өзіміз еркін бәсеке ортасын буып, бағалардың тұрақты болуына кері әсер етудеміз.

Енді біз мұндай практикадан бас тартамыз. Бұл мәселеде баршаға тең жағдай жаратылады. Жеңілдіктер кейбір кәсіпорын-дарға емес, ерекше өндіріс және қызмет түрлерін ынталандыру мақсатында беріледі. Жеңілдікті желеулетіп, ең маңызды қызмет түрлерін толығымен монополия жасап алуға мүлдем жол берілмейді.

Базар экономикасы жағдайында тең де адал бәсеке ортасын жарату мақсатында “Елдің азық-түлік қауіпсіздігін одан әрі нәтижелі қамтамасыз ету іс-шаралары туралы” жарлық жобасы жасалып, кең жұртшылық талқылауына салынды.

Көпшілікке жақсы белгілі: кеден тәртіп-ережелерінің күрделілігі кәсіпкерлікке тосқауыл болып жатқан негізгі факторлардың бірі саналады.

Дүниежүзілік банктің есебіне орай, экспорт-импорт құжаттарын ресімдеу бойынша Өзбекстан 190 мемлекеттің арасында     175-орында тұрғаны аянышты, әлбетте. Айталық, кеден құжаттарын ресімдеу үшін Бельгияда 1 сағат жеткілікті болса, бізде бұған 1 айлап мерзім жұмсалады.

Импорт тауарлары әрбір кеден режимінде жеке-жеке тексеруден өткізіледі. Мұндай кеден режимі бізде бірнешеу. Не үшін еліміз аумағының өзінде бір жүк бірнеше рет тексерілуі керек? Бұған кім мүдделі? Әрбір тексеру қаражатты талап етеді ғой! Не, біздің қаржылық мүмкіндіктеріміз шексіз бе? Бұдан тыс, тауардың түріне қарай сәйкестілік, гигиеналық немесе ветеринария бойынша сертификаттарсыз тауарларды кеден қоймасынан шығаруға жол берілмейді. Біздің әрбір кеден қоймамыз экспресс-зертханалармен жиһаздалған емес пе? Бұл үдерістер қаншалықты ашық және жариялы, неге бұл жайлы жауапты кеңселер жар салмайды?

Барлық дамыған мемлекеттерде кедендік тексеру қауіп-қатерді ескерту жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл әрі мемлекет ресурстарын, әрі кәсіпкерлердің уақытын үнемдейді. Бірақ бұл жүйе бізде әліге дейін енгізілмеген. Келесі жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілері үшін кеден тексеруінде қауіп-қатерді ескерту жүйесі, яғни кәсіпкерлердің қаншалықты адал екеніне қарап, оларды “жасыл” және “қызыл” жолақтар арқылы өткізуді енгіземіз.

Осыған орай Министрлер Кабинеті  (А.Арипов) 2 ай мерзімде тиісті қаулының жобасын дайындап, кіргізуі қажет.

Қазіргі уақытта заңсыз тексерулерге, жеке бизнестің қызметіне негізсіз араласуға қарсы күресті күшейту керек. Осы мақсатта кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет.

Бақылайтын органдар қызметін үйлестіру бойынша республикалық кеңестің қызметі заман талабына жауап бермей жатыр. Мұны ашық мойындау керек. Өзіңіз ойлаңыз, осы кеңестің жұмысшы органы да, ең көп тексеру өткізетін бақылау органы да — салық кеңсесінің өзі. Тексеру үшін де өзі рұқсат берсе, әрі өзі тексерсе, мұны қалай түсінуге болады?

Осыған орай тексерулер өткізуге рұқсат берудің арнаулы электронды ақпарат жүйесіне өту және оның бақылауын Бас прокуратураға жүктеу мақсатқа сай, деп ойлаймын.

Біз 2018 жылға Белсенді кәсіпкерлікті, инновациялық идеялар мен технологияларды қолдап-қуаттау жылы, деп атау бергенімізге орай барлық кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді 2 жылға тоқтатсақ, не дейсіздер?

Бас прокурор басшылығында бақылау органдарының басшылары әр айда үлгілі, белсенді кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырып, оларды қинап жатқан проблемаларды тыңдау, заңды қызметіне тосқауыл болып жатқан кемшіліктерді анықтау және жою шараларын қарастыруы талап етіледі.

Кәсіпкерлік құқын сенімді қорғауда Сауда-өнеркәсіп палатасы көрермен болып отырмауы қажет. Сонымен бірге, палата тек мемлекет органдары немесе лауазымды тұлғалар тарапынан жол берілген кемшіліктерді талқыламастан, кәсіпкерлер жасаған келеңсіз істерді, әсіресе, қылмыстарды сыни талқылау қажет.

Кәсіпкерлер қауымдастығы жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты ымырасыз болуы қажет. Оларға қатысты бірінші кезекте мемлекет емес, кәсіпкерлердің өздері көзқарас білдіретін және осы ортаның тазалығын қамтамасыз ететін жүйе жаратуымыз қажет.

Тағы бір маңызды мәселе — елімізде қор базарын, қор биржасын одан әрі дамыту үшін Құнды қағаздар базарын үйлестіру және дамыту орталығының ісін түбегейлі қайта құру қажет.

Біз бос тұрған мемлекеттік мүлік нысандарын өзара серіктестік негізінде жеке секторға өткізу бойынша істерді жалғастырамыз. Интернет желісінде электронды саудалар мен аукциондар арқылы жер учаскелерін, атап айтсақ кәсіпкерлер үшін бөлудің бірыңғай тәртібін орнату қажет. Осы мақсатта 2018 жылдан бастап электронды сауда алаңдары арқылы мемлекет активтерін сату бойынша электронды жүйе құрылады.

Экономиканы дамытуда терең және тұрақты банк-қаржы жүйесі үлкен маңызға ие. Біз тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің банк жүйесіне сенімін күшейтпестен, “жасарын экономикадан” толық құтыла алмаймыз.

2018 жылы банк жүйесі қызметін дамыту бойынша белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда банктер мен кәсіпкерлік субъектілерінің арасында нәтижелі және өзара мүдделі ынтымақтастық қарым-қатынастарын қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аудару қажет.

Валюта базарын реформалауға қарсы болған кейбір “сарапшылардың” екіленуіне және “ақыл-кеңестеріне” қарамастан, біз қысқа мерзімде халықаралық стандарттар негізінде валютаны ырықтандыру үдерісін бастадық. Бірақ біз жақсы түсінеміз, бұл жұмыс осы саладағы реформалардың басталуы ғана.

Валюта саясаты бизнес пен экономиканы дамыту мүддесіне толық қызмет етуі, инвестициялық қызметке оңды түрткі беруі қажет.

2018 жылы салық саясатын жүзеге асыруда шұғыл іс-шаралардан бас тартамыз. Өйткені реформалар кезеңінде мемлекет жүйесінің үздіксіз қызмет етуі үшін бюджеттің тұрақтылығы су мен ауадай қажет.

Өзбекстан ірі инвестиция жобаларын жүзеге асыру ниетінде болған инвесторлар үшін елімізді тартымды ету мақсатында салық жүйесін жетілдіру бойынша әлі көп жұмыс жасауымыз керек.

Барлық бизнес категориялары үшін салық жүгін азайту және оңтайландыру, осы негізде өндірісті және салыққа тартылатын базаны кеңейту қажет.

Өзінің қажеттілігі үшін нысандар құрып жатқан, жаңадан ұйымдастырылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне бірыңғай салық төлемін белгілі мерзімге кешіктіру құқын беру керек. Сондай-ақ шағын кәсіпорындар үшін қосымша құн салығын төлеуге өтуді ынталандыру шарт.

Сонымен қатар тез дамып жатқан, іріленіп бара жатқан кәсіпорындарды ынталандыру саясатына өту қажет.

Салық жеңілдіктерін беруде жеке жанасулардан бас тартып, оларды тек экономиканың белгілі тармақтарына ғана қолдану практикасына өтуді ұсынамын.

Ең маңыздысы, инвесторлардың көзқарасымен қарағанда, салық жүйесі ұзақ мерзім барысында нақты әрі түсінікті болуы керек. Сол үшін салық жүйесінде терең ойланған, ұзақ мерзімге көзделген саясатты жүзеге асыру қажет.

Біз мемлекетіміздің бюджет жүйесін қайта қарауымыз, бюджет табыстары мен қаражаттарының халқымыз үшін ашық та жариялы болуын қамтамасыз етуіміз қажет.

Осы орында күні кеше болған Сенат мәжілісінде Өзбекстан Республикасының 2018 жылғы мемлекеттік бюджетіне, сондай-ақ салық жүйесін жетілдіруге байланысты маңызды заңдар мақұлданғанын айтуымыз керек. Осы заңдарға қол қоюда мен оларда халқымыз мүддесін толық бейнелеу, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін одан әрі қолайлы жағдай жарату, аумақтарымызды дамыту бойынша нақты шаралар көзделген бе, жоқ па — осыған ерекше назар аударамын. Керек болса, бұл заңдарды қарапа-йым адамдарымыз бен кәсіпкерлеріміз мүддесі тұрғысынан қайта қарауға да дайынмын.

Бізде ең үлкен проблема не, білесіздер ме?

Бізде инвестиция бағдарламаларын қалыптастыруда терең жоспарланған, ұзақ мерзімге көзделген бірыңғай концепция жоқ.

Әрбір мемлекеттік сапарда біз шетел инвестицияларын тарту бойынша бірнеше миллиард долларлық келісімдерге қол жеткізудеміз. Бірақ бұл келісімдерді жүзеге асыру өте селсоқтықпен баруда. Өйткені осы ретте нақты жұмыс жасайтын жүйе жоқ.

Іс жүзіндегі инвестициялық бағдарламаларда нақты бір жобаға қатысты деректер жоқ. Бағдарламаларды қалыптастыруда Экономика министрлігі, жергілікті әкімдіктер тек цифрлардың артынан қуумен ғана жүр. Олар осы мақсатта экономикалық пайда бермейтін, болашағы жоқ, қаржыландыру көздері нақты болмаған жобаларды да бағдарламаға қосып жіберумен, жоба бағасын негізсіз арттырып көрсетумен, бір сөзбен айтқанда, көзбояушылықпен шұғылдануда.

Мұндай жағымсыз практикаға шек қоюдың уақыты келді. Біз бұл жағдайларды жою және инвестицияларды экономиканың нақты секторына тарту, жобаларды қалыптастырудың түбегейлі жаңа механизмін енгізу бойынша қаулы қабылдадық. Асығыстықпен жасалған жасанды инвестициялық жобаларды қабылдау практикасынан мүлдем бас тартылды.

Бұдан былай дамудың ұзақ мерзімге көзделген концепциялары жасалады. Осы ретте бірінші қадам ретінде Өзбекстан Республикасының даму мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, осы бағдарламаларды қаржыландыру қоры құрылады.

Экономиканы дамытуда тұрғындардың қолына жинақталған қаржыларды инвестиция формасында қозғалысқа келтіру, адамдарда кәсіпкерлік сезімін күшейту маңызды міндеттеріміздің бірі. Осы мақсатта Интернет желісінде жергілікті және шетелдік инвесторларды қажетті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ететін, бизнес жүргізу үшін жаратылған жағдайлар туралы деректер беретін “Инвестиция порталын” ашуды ұсынамын.

Шетелдік тәжірибелер негізінде барлық инвесторлар үшін күні-түні жұмыс істейтін тегін мобильді телефондар байланысын ұйымдастыру қажет. Шетел инвесторлары үшін өз капиталын жылдам алып шығып кетпестен, оны қайта инвестиция жасауға үндейтін ынталандыру жүйесін жарату туралы да ойлап көру қажет.

Әкімдердің, мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының инвестицияларды тарту, шетелдік инвесторлармен ынтымақтастық жасау, жаңа өндіріс түрлерін ұйымдастыру, жұмыс орындарын жарату бойынша белсенділігін арттыру қажет. Келесі жылдан бастап жер-жерлерде инвесторлар үшін жаратылған жағдайларды анықтау бойынша рейтинг нәтижелері жарияланып барылады, керек болса, аумақ басшыларының қызметіне осы өлшем негізінде баға беріледі.

Бүгінде әлемнің 33 елінде елшілігіміз бар екені белгілі. Бірақ еліміздің инвестиция саласындағы тартымдылығын арттыру, шетел инвестицияларын кеңінен тартуға көмектесу бойынша Сыртқы істер министрлігі өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып жатыр ма, Елшіліктердегі сауда-экономикалық мәселелер бойынша кеңесшілердің жұмысы қанағаттанарлық па?

Елшілеріміз үшін экономика, инвестиция мәселелері, өкінішке орай, екінші дәрежелі болып қалған. Олар тек “саясатпен” ғана жұмысбасты. Елшіліктерде экономика, қаржы, инвестиция мәселелері бойынша мамандар жеткіліксіз. Бұдан былай, керек болса, әрбір елшілік қызметкерін лауазым¬ға тағайындауда олардың экономикалық білімі мен дағдыларын ерекше үйрену жүйесін енгізу қажет.

Құрметті достар!

Сыртқы экономикалық салада әлі іске қосылмаған үлкен мүмкіндіктер мен қорлардың бар екенін айту қажет. Осы ретте біз Орталық Азия елдерімен және ірі серіктестеріміз — Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркия, Еуропа Одағы елдерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуді жалғастырамыз.

Келесі жылы Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда жүктерін әлемдегі және аймақтағы негізгі базарларға шығаратын сенімді транспорт және транзит жолақтарын дәйекті қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет.

Бүгінде біздің негізгі жүктеріміз Қазақстан транзит жолақтары арқылы, әсіресе, ең көп жүктер “Сарыағаш” станциясынан өтеді және бұл маршрут мүмкіндіктері біздің сұраныстарымызды толық қанағаттандыруда, деп айта алмаймыз. Осы станциядан та-уарларды Өзбекстан аумағына әкелуде электровоздар, заманалық терминалдар жеткіліксіз екені, теміржол тармақтарының бос емес екені өнімдердің ұзақ мерзімге қалып кетуіне себеп болуда. Ал бұл еліміз экономикасына кері әсер етуде. Сондықтан логистика маршруттарын әртараптандыру, осы ретте көршілерімізбен іс жүзіндік келіссөздер өткізу қажет.

Қытай мемлекетінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Бір кеңістік, бір жол” жобасы аясында еліміздің транспорт-коммуникация инфрақұрылымдары саласындағы мүмкіндіктерін арттыру керек. Транзиттік мемлекеттер, атап айтсақ, Түрікменстан, Иран, Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Грузия аумақтарынан негізгі экспорт жүктерін транзит түрінде тасымалдауда преференцияларға ие болу туралы тыңғылықты ойлауымыз керек. Сондықтан шетелдік және жергілікті инвесторлардың логистика саласында нақты жобаларды жүзеге асыру барысындағы әрекеттерін ынталандыруымыз қажет.

Сондай-ақ ұлттық жүк тасымалдаушыларды қолдап-қуаттау, кәсіпкерлерге қосымша жағдай жарату мақсатында “Ұлттық логистика порталын” құру қажет.

Келесі жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу бойынша келіссөздерді қайта бастаймыз. Экспортты одан әрі ынталандыру мақсатында техникалық тұрғыдан реттеу жүйесін халықаралық стандарттарға үйлестіру қажет. Негізгі мақсаттарымыздың бірі — сыртқы базарға сапалы және сертификатталған өнімдерді “өзбек бренді” атауымен шығарудан тұрады.

Қазіргі күнде ұлттық экономикамызға жоғары табыс әкелетін болашақты тармақтардың бірі — туризм. Өзбекстан туризм саласында үлкен әлеуетке ие болған мемлекет саналады. Елімізде 7 мың 300-ден астам мәдени мұра нысандары бар және олардың басым бөлігі ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген.

Сонымен бірге еліміздің қайталанбас табиғатының, сұлу демалыс аймақтарының мүмкіндіктерін пайдаланып, жаңа туристік бағыттар ашуға болады. Бұл салаға әлем брендтерін белсене жұмылдырып, біз зиярат туризмін, экологиялық, ағартушылық, этнографиялық, гастрономиялық туризм және осы саланың басқа тармақтарын дамытуға ерекше назар аударуымыз керек. Осы ретте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қарым-қатынастарын қолдану саланы өркендетуде кең мүмкіндіктер ашуын есепке алуымыз қажет.

Самарқант, Бұхара, Ташкент қалаларындағы қасиетті зиярат орындары мен жәдігерліктерді зиярат етуден тұратын “кіші қаж” бағдарламасын дамыту және жылдамдату қажет. Ішкі туризм саласындағы үлкен мүмкіндіктерді де толық іске қосу қажет.

Премьер-министрдің орынбасары С.Холмуродов және Туризмді дамыту мемлекеттік комитетінің төрағасы А.Абдухакимов осындай мәселелерді шешу бойынша құжаттарды бір ай мерзімде жасап, ұсынсын.

Құрметті мәжіліс қатысушылары!

Рұқсатыңызбен, экономикамыздағы жетекші тармақ — ауыл шаруашылығы саласындағы ең маңызды міндеттерге тоқталмақпын.

Үстіміздегі жылғы 9 декабрьде өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған жиналыста біз бұл туралы жан-жақты сөйлесіп алдық. Айтылған пікірлерді қайталамастан, төмендегі маңызды мәселелерге назар аудару қажет, деп санаймын.

Белгілі болғанындай, қазіргі таңда елімізде 51 пайыздан астам тұрғын ауылдық жерлерде жасайды. Бірақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің еліміздің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 17 пайыздан аспайды. Аграрлық сала өнімдерін қайта өңдеу көлемі 10 пайызға да жетпейді. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан астамды құрайды. Соған байланысты ауыл шаруашылығын одан әрі реформалау бойынша кешенді бағдарлама жасау қажет.

Әсіресе азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын шешу, генетикалық түрлендірілген өнімдерді жетістірмеу бойынша қатаң бақылау орнатуға ерекше назар аудару талап етіледі. Соңғы жылдарда еліміздің базарларында импорт жеміс-көкөніс өнімдерінің көбейіп бара жатқаны бізді әлбетте сергектікке шақыруы керек. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін, алдымен жойылып бара жатқан ежелгі сұрыптарды тіктеу, селекция істерін тиімді де нәтижелі жолға қою, салаға ғылым-білім жетістіктерін, инновациялық қолданбаларды кеңінен енгізуіміз тиіс.

Белгілі болғанындай, еліміздің тоқымашылық өнеркәсібі 1 миллион 400 мың тоннаға дейін мақта талшығын қайта өңдеу мүмкіндігіне ие. Бұл республикамыздағы дайын өнім өндірушілер сұранысын толық қаптай алады. Бірақ мақта талшығын қайта өңдеу өнеркәсібін басқаруда көптеген проблема бар. Ал бұл мақта шикізатын өндіруде және қайта өңдеуде табыстылықтың төмендеуіне әкеп соғуда. Соған байланысты саладағы проблемаларды шешуге, жергілікті өндірушілерді одан әрі ынталандыруға тиісті арнаулы жарлық қабылданды. Бүгінгі күнге дейін өзіміздің тоқымашылық кәсіпорындарымызға мақта шикізатын тек “Узпахтасаноат” акционерлік қоғамы арқылы сатушы едік. Жарлыққа сәйкес тоқымашылық кәсіпорындары мақта шикізатын енді тікелей жасалған келісімшарт негізінде тікелей фермерлерден сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Науаи, Бұхара және Сырдария облыстарында мақта-тоқымашылық кластерлерін жарату аясында мақта шикізатын базар талаптары негізінде жетістіру, бағаны қалыптастыру мен сатуды ұйымдастыру бойынша тәжірибе басталды. Келесіде мұндай оңды тәжірибені бүкіл еліміз көлемінде енгізуді бүгін өмірдің өзі талап етуде.

Мал шаруашылығы саласына тоқталсақ, ірі қара мен құс санын көбейту, осы бағытта сапа мен өнімділікке қол жеткізу үшін жеткілікті жағдай жаратуымыз қажет. Таяу болашақта әрбір ауданда мамандандырылған бордақышылық кешендері, жоғары технологиялық құс өсіру фабрикалары, сондай-ақ жылыжай шаруашылықтары құрылуы керек.

Біз қазіргі уақытта 1,5-2 миллиард доллар көлемінде жеміс-көкөніс өнімдерін экс¬порттап отырмыз. Бірақ бұл салада жылына 10-15 миллиард доллар өнім экспорттау мүмкіндігі бар. Өнім дайындауда және экспорттауда “Узагроэкспорт” акционерлік қоғамы, биржалар, агрофирмалар мен толайым компаниялар үлкен рөл ойнауы тиіс.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін нәтижелі іске асыру өте маңызды мәселе. Сол мақсатта фермерлік шаруашылықтарда жетістірілген өнімдер көлемі мен мөлшері туралы мәліметтердің бірыңғай базасын жарату қажет.

Қадірлі халық қалаулылары!

Осы орында аумақтарды жедел экономикалық дамыту туралы да қысқаша тоқталмақпын. Осы бағытта жергілікті мемлекеттік билік органдарының өкілеттерін, мүмкіндіктері мен жауапкершілігін кеңейту мақсатқа сай деп санаймын.

Бүгінгі күнде еліміздің 9 ауданында шетел инвестициясының қатысуымен бірде-бір кәсіпорын құрылмаған. Тікелей инвестициялар негізінен Ташкент қаласына, Ташкент және Самарқант облыстарына, сондай-ақ Ферғана өңіріне тура келуде.

Аумақтарда заманалық өндіріс және инженерлік-коммуникация тармақтары бойынша жобаларды мемлекеттік-әлеуметтік серіктестік қарым-қатынастарын күшейту арқылы толық жүзеге асыруымыз қажет. Бірақ осы бағытта жеткілікті жұмыс жүргізілмей жатқанын айтып өткен орынды. Сондықтан Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қарым-қатынастарын енгізу концепциясын жасау және жүзеге асыру керек.

Экономикамыздың толық іске қосылмаған, үлкен әлеуетке ие бағыттарының бірі — бұл құрылыс саласы. Келесі жылда құрылыс саласын реформалау және жедел дамыту басты міндеттердің бірі болады.

Біз құрылыс-жалгерлік ұйымдары мен құрылысшылардың заманалық ұрпағын жарату үстінде қатаң бас қатыруымыз қажет. Сол мақсатта құрылыс саласын 2030 жылға дейін инновациялық дамыту бағдарламасы жасалады. Бұл орында шетелден білікті мамандарды жұмылдыру және жергілікті мамандардың шетелдерде біліктілігін арттыруы үшін барша қажетті жағдайды жаратамыз.

Келесі жылы қалаларымыз бен ауылдарымыздың сәулеткерлік бейнесін одан әрі жақсарту барысындағы істерді дәйекті жал-ғастырамыз.

Біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек: әрбір ғимарат, ол балабақша бола ма, аурухана бола ма, өз басты міндетін орындаудан тыс, көрінісімен адамдардың көңіл күйіне де тікелей әсер етеді. Сол себепті аумақтарда құрылысы жоспарланып жатқан әлеуметтік нысандарды жобалауда ескі қалыптардан бас тартып, инновациялық жанасуларды енгізу қажет.

Тұрғындардың, әсіресе жас жанұялардың, ескі үйлерде жасайтын және басқа санаттағы азаматтардың сұранысын ескеріп, біз арзан да сапалы тұрғын үйлер құру бойынша істерді дәйекті жалғастырамыз. Сол мақсатта 2018 жылы үлгі және арзан тұрғын үйлер құру көлемін ағымдағы жылмен салыстырғанда 1,5 есе көбейту бойынша нақты жоспарлар жасалған.

Тағы бір маңызды мәселе — жекеменшік тұрғын үй меншік иелері шіркеттерінің ісін түбегейлі қайта қарау керек. Бұл бағытта жаңа құрылған министрлік — Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсету министрлігі бастама көрсетіп істеуі қажет.

Жаңа жылда көптеген елді мекендерде, алдымен Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм, Бұхара, Жызақ, Қашқадария, Сұрхандария және Сырдария облыстарында тұрғындарды ауызсумен және канализация қызметтерімен қамтамасыз ету жобалары жүзеге асырылады. Сонымен аумақтарда жасайтын 580 мыңға жуық тұрғын ауызсумен қамтылады.

Құрметті мәжіліс қатысушылары!

2018 жылы жаңа жолдар құру, транспорт-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту, көрсетіліп жатқан қызметтер сапасын арттыру бойынша төмендегі істерді жоспарлағанбыз:

біріншіден, ұзындығы 180 километр теміржолдарды қайта тіктеу және 200 километрден астам теміржолдарды электрлендіру;

екіншіден, Ташкент — Үргеніш — Хиуа жүрдек пойызының және Ташкент — Самарқант — Бұхара — Үргеніш — Хиуа туристік пойызының қозғалысын жолға қою, Ташкент Оңтүстік вокзалын, сондай-ақ Хиуа жаңа вокзалын пайдалануға тапсыру;

үшіншіден, Бұхара — Мыскен және Қаршы — Китоб теміржол бағыттарын электрлендіру және Шахрисабзбен біріктіретін жаңа теміржол тармағын құру;

төртіншіден, Ташкент қаласында Сіргелі және Юнусабад метро бағыттарын, астанамыздың айналасындағы үлкен айналма жолмен қозғалатын жерүсті метросын құру барысындағы істерді жеделдету;

бесіншіден, сапалы қызмет көрсету мүмкіндігін беретін заманалық инфрақұрылымдар құру арқылы автомобиль жолдары мен теміржол бағыттарында ірі транзит хабтарын ұйымдастыру.

Соңғы жылдары маңызды стратегиялық тармақ — аэроғарыштық технологияларды жасанды серік арқылы экономикамыздың жетекші салалары мен тармақтарына енгізуге, өкінішке орай, біз жеткілікті назар аудармадық. Заманалық дамудың маңызды шарты мен факторы болған бұл саланы дамыту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі жобаларды жүзеге асыруға шетелдік инвесторларды жұмылдыра отырып, ұлттық ғарыштық инфрақұрылымдарымызды жаратуымыз керек. Бұл бағытқа қатысты болған ғылыми-зерттеу институттарын жетілдіру және олардың әлеуетін нығайту қажет.

Біз аэроғарыштық ісіміз барысында арнаулы мемлекеттік органды құрып, бұл саланы дамытуға байланысты міндеттерді кешенді түрде шешуіміз тиіс.

IV. Әлеуметтік саланы дамыту бойынша үстем бағыттар

Құрметті парламент мүшелері!

Қадірлі облыстық және аудандық Кеңестердің депутаттары!

Біз озық шетел тәжірибесі негізінде тұрғындардың лайықты өмір сүру дәрежесі үшін қажет болған табыстарды анықтау бо-йынша “тұтыну себеті” түсінігін заңдылықта нығайту және оны іс жүзінде қамтамасыз ету механизмдерін жаратуымыз керек.

Қазіргі уақытта тұрғындардың нақты табыстарын, жалақысын, стипендияны, зейнетақы мен әлеуметтік көмекақыларды кезең-кезеңімен асыру бойынша да іс жүзіндік шаралар қарастырылады.

Адам денсаулығын қорғау барысында соңғы уақытта жүргізіліп жатқан істерімізге қарамастан, өкінішке орай жер-жерлерде көптеген проблемалар әлі де сақталуда. Міне осыларды ескеріп, аумақтардың тұрғындарына қолайлы болған, сапалы әрі заманалық медициналық жәрдем көрсету, ауруларды ерте анықтау бойынша бастаған істерімізді дәйекті жалғастырамыз. Бұл бағытта қашықтықтан тұрып профилактика жасауды қамтамасыз ететін “Ақылды медицина” және “Бірыңғай медициналық ақпарат орталығы” концепцияларын өз жағдайымызға сәйкестендіріп енгізуіміз керек.

Қазіргі кезде жекеменшік медицинаны жедел дамыту үшін шетелдік инвесторларды жұмылдыруға және шетелдік мамандар елімізде тұрақты жұмыс жүргізуін қамтамасыз етуге қаратылған істерді тағы да күшейтеміз.

Ешкімге сыр емес, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету адамдарды қинап келе жатқан өзекті проблемалардың бірі. Бұл мәселені шешу мақсатында таяу уақытта тұрғындарды арзан да сапалы дәрі құралдарымен қамтамасыз ететін 2 мың әлеуметтік дәріхана құрылып, іске түсіріледі.

Ана мен баланың денсаулығын сақтауда маңызды фактор болған скрининг орталықтарының ісін түбегейлі қайта қарауды бүгін өмірдің өзі талап етуде. 2018 жылы 46 аудандық және қалалық медициналық бірлестік негізінде ауданаралық перинатал орталықтар құрылады. Олар заманалық медициналық қондырғылармен, жоғары білікті мамандармен қамтылады. Медицина ғылымы жетістіктерін нәтижелі пайдалана отырып, ауылдық дәрігерлік пункттерінде ауруларды ерте анықтау және олардың алдын алу бойынша заманалық диагностика зертханаларын құру көзделіп отыр.

Тұрғындарды телекоммуникация қызметтерімен толық қамту мақсатында шалғай аудандарда 2 мың километр оптикалық талшықты байланыс жүйелерін құру, Интернет өткізгіштігін 2,5 есе арттыру және 4 мыңнан астам тірек ұялы байланыс станциясын іске түсіру көзделуде. Бұл іс-шаралардың нәтижесінде 600-ден астам елді мекен Интернетпен және ұялы байланыспен қамтылады.

Тұрғындардың мәдени демалуына және бос уақытын мазмұнды өткізуіне қаратылған іс-шаралар жасалады және жүзеге асырылады.

Мәдени мұра нысандарын сенімді қорғау және оларды тиімді пайдалану жүйесін жетілдіру мақсатында Археологиялық зерттеулерді қолдап-қуаттау және археологиялық қазбаларды сақтау бағдарламасын да қабылдау қажет.

Сонымен қатар ғылым-білім, мәдениет, өнер және әдебиет салаларында қажырлылықпен қызмет етіп жатқан отандастарымызды материалдық-рухани қолдап-қуаттау, атап айтсақ, олардың тұрғын үй, әлеуметтік және медициналық жағдайларын жақсарту, гонорарлар мөлшерін арттыру, жас дарын иелерінің әлеуетін жарыққа шығару бойынша қабылдаған барша қаулыларымыздың орындалуы әлбетте қамтамасыз етіледі.

Неге дегенде, шынайы ғалымдық, шынайы шығармашылық — бұл инемен құдық қазғандай машақатты іс. Мұны білген адам біледі, білмеген біліп алуы тиіс.

Дене тәрбиесі және спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша келесі жылы кең көлемдегі істер көзделуде. Атап айтсақ, Нөкіс қаласында Олимпиада және ұлттық спорт түрлеріне мамандандырылған жоғары спорт шеберлік мектебі, Үргеніште “Ешлик” спорт кешені, Ташкент, Әндіжан, Самарқант, Бұхара қалаларында әмбебап спорт кешендері, Қаршы қаласында спорт-сауықтыру кешені, көптармақты жабық жүзу хауызы құрылады.

Ғазиз достар!

Біз жас ұрпақты жан-жақты саламатты да кемел етіп тәрбиелеу барысындағы істерімізді жаңа басқышқа көтеру мақсатында “Жастарға тисті мемлекет саясаты туралы” заңды жаңа редакцияда қабылдадық. Соған орай жаңаша жанасулар өмірге белсенді енгізілуде.

Жастар туралы сөз қозғалғанда, мен үнемі бір нәрсені ойлаймын. Міне, қазіргі таңда қаншадан қанша жастарымыз шетелдерде білім алуда, еңбек етуде. Әрине, олардың арасында өз жолын тауып, жат елде ешкімнен кем болмай жасап жатқандары да көп. Бірақ Отан сағынышы кез келген адамды да қинайды. Сондықтан олармен тұрақты байланыс орнату, олардың құқы мен мүддесін қорғау, елімізге қайтқысы келгендерді қолдап-қуаттау бойынша істерді күшейтуіміз керек.

Осы мақсатта Өзбекстан жастары халықаралық ассоциациясын құруы және оның нәтижелі жұмыс жүргізуі үшін тиісті жағдай жаратып беруіміз қажет. Жастарымыз шетелдегі құрдастармен ғылым-білім, мәдениет, кәсіпкерлік, спорт, тағы басқа да салаларда белсенді байланыста болуы мақсатқа сай. Бұл олардың өз әлеуетін әлем деңгейінде көрсетуі үшін үлкен мүмкіндік жаратады. Сондықтан келесі жылы Самарқант қаласында Орталық Азия жастары форумын өткізу көзделуде.

Үстіміздегі жылы жүргізген реформалармыздың ең маңызды нәтижелерінің бірі — бұл, еш шүбәсіз, елімізде балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекке мүлдем шек қойылғаны болды. Мұндай оңды өзгерістер Халықаралық еңбек ұйымы, тағы басқа да құрылымдар тарапынан мойындалғаны назарға лайықты, әлбетте.

Біз бұдан былай да ағылшын тілін, тағы басқа да шет тілдерін терең оқыту мәселесіне үстем көңіл бөлеміз. Сонымен қатар біз үшін қажет болған мамандықтар бойынша білім алу және кадрлар біліктілігін арттыру істерін кең көлемде жолға қоямыз.

Бұл туралы әңгіме болғанда, біз ұлы бабаларымыздың лайықты ізбасарлары болатын жетік адамдарды тәрбиелеу мәселесіне, өкінішке орай, жеткілікті мән бермегенімізді айтып өткен орынды. Өйткені интеллектуалдық және мәдени әлеуеттің қандай құнды байлық екенін, үлкен дарын иелерін тәрбиелеп кәмелетке жеткізу шешуші маңызға ие екенін ұмытуға ақымыз жоқ. Өркендеген елдер бүгінгі жоғары даму дәрежесіне міне, соның есебінен жеткені — бұл да шындық.

Өкінішке орай, елімізде үлкен ғылыми әлеуетке ие болған кейбір ғалымдар, қабілетті жастар арасында шет мемлекеттерге кетіп қалу жағдайлары да жоқ емес. Қаншадан қанша өзбек жігіттері, өзбек қыздары бүгін шетелдердегі ірі компаниялар мен банктерде, беделді университеттерде, халықаралық ұйымдарда, үлкен-үлкен лауазымдарда жұмыс істеуде. Мен жеке өзім шетелдерге сапарларым кезінде ондаған осындай отандастарымызбен кездесіп, сұхбаттастым.

Шетелдердегі отандастарымызға консулдық қызметтер, тағы басқа да қызметтер көрсету, олардың елімізге жайбарақат келіп-кетуі, елімізді дамытуға қатысулары үшін қажетті жағдайлар жаратылуда. Біз бұл істерді келесіде одан әрі кеңейтеміз.

Соған байланысты шетелдерде жасап жатқан және істеп жатқан отандастарымызбен өзара ынтымақтастық саласында мемлекеттік саясат концепциясын жасауды ұсынамын.

V. Қауіпсіздік, ұлтаралық татулық және діни бауырмалдықты қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы саясат саласындағы үстем бағыттар

Құрметті депутаттар және сенаторлар!

Баршамызға белгілі, әлемде кескін экономикалық бәсекелестік, ақпараттық шабуылдар, террористік қатерлер барған сайын күшеюде. Дүниежүзінің түрлі жерлерінде, әсіресе Таяу Шығыс аймағында қанды қақтығыстар мен наразылықтар жалғасуда. Өкінішке орай, мұндай тыныш емес шиеленісу ошақтары азаюдың орнына көбейе түсуде.

Осындай қатерлі жағдайды ескере отырып, біз елімізде тыныштық-бейбітшілікті нығайту, түрлі қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша ісімізді жан-жақты күшейтуіміз шарт. Бұл — заман талабы.

Алдымен, осы орында қалыптасқан жүйе нәтижелілігін одан әрі арттыруымыз, әсіресе діни мәселелермен тікелей шұғылданатын әкім орынбасарларының, жауапты ұйымдардың жауапкершілігін одан әрі күшейтуіміз қажет. Атап айтсақ, махалла төрағалары, профилактика инспекторлары, имам-хатибтер, діни-ақылақтық мәселелер бойынша кеңесшілер, жастар, әйелдер ұйымдарының белсенділері — барша-баршамыз біргелікте жұмыс жүргізуіміз тиіс.

Істі осылай ұйымдастырсақ, әрқайсысымыз бұл мәселеге немқұрайды болмастан, өз баламызды, өз үйімізді, өз махалламызды өзіміз қорғайтын болсақ, мен сенемін, мұндай бәле-жалалар өмірімізден әлбетте аулақ болады.

Біз діни экстремизм идеяларының әсеріне адасып түсіп қалған азаматтарды әлеуметтік реалибитациялау, оларды салауатты өмірге қайтару бойынша істерді одан әрі жетілдіреміз.

Ақпарат ресурстары арқылы тарқатылып жатқан бұзғыншы идеялардың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының құрамында арнаулы бөлімшелер ұйымдастыру керек.

Қоғамымызда діни конфессиялар арасында ауызбіршілік пен азаматтар татулығын нығайтуды біз бұдан былай да ең көкейтесті де ізгі міндетіміз деп білеміз. Сол мақсатта еліміздегі діни ұйымдардың ісін жетілдіру бойынша қажетті іс-шаралар қарастырылады.

Құрметті мәжіліс қатысушылары!

Осы орында тағы бір маңызды мәселе — еліміздің қорғаныс жүйесінің құрамдық құрылымы, оның әскери-жауынгерлік жағдайы, әскерлер мен офицерлердің рухани дайындық дәрежесі бүгінгі тез өзгеріп бара жатқан кезең талаптарынан артта қалғанын айтып өткен жөн.

Өткен қысқа кезеңде ұлттық армиямызды реформалау бойынша нақты іс-шаралар қабылданып, Қарулы Күштеріміздің көрінісін түбегейлі өзгерту үдерісі басталды.

Әскери саладағы реформаларымыздың нәтижесін арттыру мақсатында жаңадан қабылданып жатқан Қорғаныс доктринасы маңызды рөл ойнайды. Бұл доктрина Өзбекстан сыртқы саясатының ашықтық қағидатын, жақын көршілермен достық және іс жүзіндік қатынастарды дамытуды көрсетеді. Онда мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту үстем міндет ретінде анық белгілеп қойылған.

Еліміздің геостратегиялық орналасуының ерекшелігі, сондай-ақ аймақта туындап жатқан әскери-саяси жағдайды ескеріп, Қарулы Күштер бірлестіктерінің міндеттері мен құрылымдары қайта қаралды. Ұлттық гвардия құрылды, армияны қару-жарақпен және заманалық әскери техникамен қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қорғаныс өнеркәсібі бойынша мемлекеттік комитет құрылды. Әскери кадрлар даярлау саласында жүргізіліп жатқан жүйелі өзгерістер негізінде Қарулы Күштер академиясының ісі түбегейлі қайта құрылды.

Әскери қызметшілер, олардың жанұялары мен ардагерлерді әлеуметтік қорғау бойынша салмақты істер жүзеге асырылуда. Бұл туралы айтқанда, 2017 жылы әскери қызметшілер үшін 56 көпқабатты үйдің құрылғанын және бұл істер келесі жылы одан әрі үлкен көлемде жалғастырылатынын айтып өткен орынды.

Бүгінде қорғаныс саласында алдымызда жаңа да маңызды міндеттердің тұрғанын баршамыз жақсы түсінеміз. Алдымен Ұлттық қауіпсіздік концепциясының, сондай-ақ Қорғаныс доктринасының нәтижелі де дер кезінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бойынша әлі көп іс істеуіміз керек.

Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайту, армиямыздың жауынгерлік құдіреті мен әлеуетін арттыру да ең маңызды міндеттеріміздің бірі саналады. Қарулы Күштерді заманалық қару-жарақ және әскери техникалармен қамтамасыз ету үшін Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қалыптастыру және дамыту мемлекеттік бағдарлама қабылдауымыз қажет.

Елімізде қабылданған Әрекеттер стратегиясына сәйкес біз сыртқы саясат саласында барша ұзақ та жақын мемлекеттермен, алдымен көрші елдермен, халықаралық ұйымдармен достық және өзара мүдделі ынтымақтастық байланыстарын жан-жақты дамыту саясатын дәйекті жалғастырамыз.

Біз Өзбекстан Республикасын шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда жасалған келісімшарттар мен келісімдерді өз уақытында толық әрі сапалы орындау бойынша барша қажетті іс-шараларды қарастырамыз.

Осы сәтті пайдаланып, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдап-қуаттап, бізге ықылас білдіріп отырған халықаралық ұйымдардың өкілдеріне, шет мемлекеттердің құрметті елшілеріне шынайы ризашылық білдіруге рұқсат еткейсіздер.

Құрметті достар!

Бүгін сіздердің назарларыңызға ұсынылған бұл Жолдауда баяндалған жоспарлар мен жобалар еш шүбәсіз, еліміздің дамуын, халқымыздың өркениетін жаңа, одан әрі жоғары басқышқа көтеруге қызмет етеді.

Сонымен қатар баршамыз жақсы түсінеміз, бұл үстем бағыттарды толық әрі нәтижелі жүзеге асыру үшін тиісті құқықтық негіздерді және механизмдерді жарату қажет.

Соған орай Премьер-министр А.Ариповке, Мемлекеттік кеңесшілер У.Исмоиловқа, О.Муродовқа, Қауіпсіздік кеңес хатшысы В.Махмудовқа барша мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарымен, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасымен, облыстардың, Ташкент қаласының, аудандар мен қалалар әкімдерімен бірге осы Жолдаудан туындайтын үстем міндеттерді сөзсіз жүзеге асыруға тиісті кешенді іс-шараларды 2018 жылғы 10 январьға дейін жасауды және бекітуді қамтамасыз ету міндеті тапсырылады.

Ғазиз де құрметті отандастар!

Әрине, Жолдауда баяндалған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда шешуші басқыш болатын 2018 жыл біз үшін оңай болмайды. Мұны ашық айту керек. Бірақ халқымыздың сөзімен айтқанда, су келсе сіміріп, тас келсе кеміріп болса да, таңдаған жолымыздан қайтпауымыз шарт. Неге дегенде, бұл өмірде еш нәрсе өздігінен болмайды. Өзіміз әрекет етпесек, ешкім бізге риясыз жәрдем бермейді.

Баршамыз бір шындықты терең түсініп, аңдап алуымыз керек. Бүгін сөз халқымыздың, Отанымыздың тағдыры мен болашағы, сүйікті балаларымыздың бақыты туралы болуда. Осындай ұлы мақсаттар жолында баршамыз белімізді бекем буып істеуіміз, бар ой-ақылымызды, біліміміз бен тәжірибемізді сүйікті Отанымызға перзенттік мейіріміміз бен адалдығымызды жұмсауымыз қажет.

Өзіміз өзімізге қиянат жасамасақ, өзіміз өзімізді алдамасақ, адалдықпен еңбек етсек, көздеген барша мәрелерімізге әлбетте жететінімізге мен сенемін. Бұл бағытта мен алдымен көп сынақтардан жарық жүзбен өткен жомарт халқымыздың берік жігеріне және жасампаздық әлеуетіне сенемін.

Ізгі мақсаттарымызға жету жолында баршаңызға күш-қайрат, денсаулық, жанұялық бақыт пен өркениет тілеймін.

Үлкен рақмет сіздерге, сау-саламат болыңыздар!

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий